Бүгін Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында IFLA WLIC 2026 — 99-шы Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі өз жұмысын бастады.
10–13 тамыз аралығында өтетін конгреске әлемнің түкпір-түкпірінен 3000-нан астам маман қатысуда. Биылғы тақырып — «Libraries Powering Transformation» («Кітапханалар өзгерістерге қуат береді»).
Академия тарихында алғаш рет Азаматтық авиация академиясының кітапхана жетекшісі Сұлушаш Жүсіпбекова халықаралық конгрессте баяндама жасап, Академия кітапханасын әлемдік кәсіби қауымдастыққа таныстырды.
Баяндама барысында Академия кітапханасының қызметі, кәсіби әлеуеті мен даму бағыттары таныстырылды.
IFLA WLIC 2026 — халықаралық тәжірибе алмасуға, жаңа кәсіби байланыстар орнатуға және отандық кітапхана ісінің әлеуетін әлемдік деңгейде танытуға маңызды мүмкіндік.
Бұл — Академия тарихындағы айтулы кәсіби жетістіктердің бірі!