«Азаматтық авиация академиясы» АҚ
2026 оқу жылына профессор-оқытушылар құрамының бос
лауазымдарына орналасу конкурсын жариялайды
| Лауазым | Бірлік саны | Пәннің атауы |
|---|---|---|
| Профессор/АГА профессоры/ Қауымдастырылған профессор/АГА қауымдастырылған профессоры/Ассистент-профессор | 2 | Бағыт бойынша бейінді пәндер: авиациялық техника және технологиялар, ғарыштық техника және технологиялар |
| Сениор-лектор | 1 | Авиациялық техника және технологиялар бағыты бойынша бейінді пәндер |
| Лауазым | Бірлік саны | Пәннің атауы |
|---|---|---|
| Профессор/АГА профессоры/ Қауымдастырылған профессор/АГА қауымдастырылған профессоры/Ассистент-профессор | 1 | Қазақ тілі |
| Профессор/АГА профессоры/ Қауымдастырылған профессор/АГА қауымдастырылған профессоры/Ассистент-профессор | 1 | Орыс тілі |
| Сениор-лектор | 1 | Орыс тілі |
| Профессор/АГА профессоры/ Қауымдастырылған профессор/АГА қауымдастырылған профессоры/Ассистент-профессор | 3.5 | Ағылшын тілі |
| Сениор-лектор | 3 | Ағылшын тілі |
| Лауазым | Бірлік саны | Пәннің атауы |
|---|---|---|
| Білім беру бағдарламаларының жетекшісі | 1 | |
| Профессор/АГА профессоры/ Қауымдастырылған профессор/АГА қауымдастырылған профессоры/Ассистент-профессор | 2 | 1. Магистрлік диссертацияларға жетекшілік ету 2. «Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарын ұшуда пайдалану» БББ бойынша бейінді пәндер |
| Нұсқаушы-оқытушы | 8 | ATPL пәндерін оқыту мүмкіндігі бар ұшақ ұшқышы |
| Сениор-лектор | 2 | «Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарын ұшуда пайдалану» БББ бойынша бейінді пәндер |
| Лауазым | Бірлік саны | Пәннің атауы |
|---|---|---|
| Профессор/АГА профессоры/ Қауымдастырылған профессор/АГА қауымдастырылған профессоры/Ассистент-профессор | 1 | Қазақстан тарихы |
| Профессор/АГА профессоры/ Қауымдастырылған профессор/АГА қауымдастырылған профессоры/Ассистент-профессор | 0,3 | Саясаттану |
| Профессор/АГА профессоры/ Қауымдастырылған профессор/АГА қауымдастырылған профессоры/Ассистент-профессор | 0,4 | Математика |
| Сениор-лектор | 2 | Инженерлік компьютерлік графика |
| Сениор-лектор | 1 | Физика |
| Сениор-лектор | 1 | Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар |
* Конкурс өткізілу сәтінде мыналарға ие үміткерлерге басымдық беріледі:
1) IELTS деңгейі бойынша 5,5-тен төмен емес ағылшын тілін меңгеру деңгейінің сертификаты;
2) авиация саласындағы жұмыс тәжірибесі;
3) Кафедра меңгерушісі лауазымына құжаттар тапсырған кезде кафедраны дамыту жөніндегі көзқарасты (жоспарды) қоса тіркеу қажет.
Құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 20 тамызға дейін Ахметов көшесі, 44, ADM 16 кабинеті (HR департаменті) мекенжайы бойынша және/немесе hr@agakaz.kz электрондық мекенжайы бойынша 2026 жылғы 20 тамыз сағат 23.59-дан кешіктірмей жүргізіледі. «Азаматтық авиация академиясы» АҚ профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасу конкурсын өткізу орны: Алматы қ., Ахметов көшесі, 44.
1. 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
2. 2-қосымшаға сәйкес түйіндеме; Конкурсқа қатысушы өзінің білімі, кәсіби деңгейі (алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) туралы қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
3. Өмірбаян (еркін нысанда);
4. Жеке куәліктің көшірмесі;
5. Жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың, ғылыми атақ туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері. Шет тіліндегі дипломдар үшін мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасын қоса тіркеу міндетті;
6. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және оларды салыстыру үшін түпнұсқалары (соңғы 5 жылда);
7. Ғылыми жарияланымдардың, жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (соңғы бес жылда, растайтын құжаттар мен көшірмелерді қоса тіркеумен);
8. Кафедраның даярлау бағыты шеңберінде оқытылатын пәндер (модульдер) бойынша әзірленген курстар туралы ақпарат (еркін нысанда) (соңғы бес жылда);
9. Үміткер жетекші немесе орындаушы болған ғылыми гранттар туралы анықтама (бар болса) (соңғы бес жылда);
10. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама;
11. Адамның сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама;
12. Конкурсқа қатысушының наркологиялық және психоневрологиялық ұйымдарда есепте тұрмайтыны туралы ХҚКО анықтамалары.
13. № 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама. «Азаматтық авиация академиясы» АҚ-да жұмыс істейтін үміткерлер 5, 10, 11, 12-тармақтар бойынша құжаттарды ұсынудан босатылады.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін кафедралар бойынша үміткерлердің тізімі қалыптастырылады және конкурстық комиссияның қарау кестесі жасалады. Үміткер (Академияның ПОҚ қатарындағы үміткерлерді қоспағанда) өзі оқытатын пәннің презентациясын (дәрістің және/немесе практикалық сабақтың фрагментін) өткізеді.
Өтініш пен құжаттарды берудің белгіленген мерзімдері бұзылған жағдайда үміткер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Қосымша: