Колледж туралы

• Колледждің 2023-2024 оқу жылына арналған жоспары

•​​​​​​​ ​​​​​​​Колледждің 2023-2024 оқұ жылының ішкі бақылау жоспары

«Азаматтық авиация академиясы» АҚ (бұдан әрі – Академия) құрамында еліміздегі орта буын авиация мамандары мен жұмысшы мамандықтарын даярлауды жүзеге асыратын жалғыз техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орны (ТжКБ) ретінде Авиация колледжі (бұдан әрі – Колледж) жұмыс істейді.
2000 жылы құрылған сәттен бастап Колледж 4368-ден астам техник-механик, техник-электрик, радионавигация, радиолокация және байланыс техниктерін, авиатасымалдауды ұйымдастыру бойынша техник-агенттерді даярлады, сондай-ақ 2003-2014 жылдары шағын авиация үшін 110-нан астам ұшқыш даярлады.
Колледж құрылымдық бөлімше ретінде өз қызметін жүзеге асыру үшін Академиямен қаржыландырылады және қажетті материалдық-техникалық базаға ие.
Соңғы үш жылда жұмысқа орналастыру бойынша орташа көрсеткіш 85% -ды құрайды, оның 30% - дан астамы Академияға жеделдетілген бағдарлама бойынша оқуды жалғастыру үшін бейіндік мамандықтарға түседі. 
    2020-2021 жылы жұмыс берушілердің сұранысы бойынша ТжКБ мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына оқытудың нормативтік мерзімдерін азайта отырып және пилотсыз ұшу аппараттарының операторы, пилотсыз авиациялық жүйелерді техникалық пайдалану жөніндегі техник-механик, әуеайлақтың ұшу ақпараты қызметінің операторы, радио-электрмонтажшы, авиациялық техниканы жөндеу жөніндегі слесарь-механик сияқты 3 жаңа мамандық пен 5 жұмыс біліктілігін енгізе отырып өзгерістер енгізу бойынша елеулі жұмыс жүргізілді.

КОЛЛЕДЖДІ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 
1.    Сапалы білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
2.    Кадрлық әлеуетті дамыту;
3.    Менеджмент пен инфрақұрылымды дамыту; 
4.    ТжКБ, ЖОО және өндірісті интеграциялау;
5.    Тәжірибеге бағытталған оқытуды дамыту (дуальды, тәлімгерлік және т. б.) 
6.    Тәрбие компонентін жетілдіру;
7.    Азаматтық сала үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша «Құзыреттілік орталығын» ашу; 
8.    Әлеуметтік әріптестікті дамыту.
 

КӘСІПОРЫНДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНЕ ТАРТУ: 
•    ұсынылатын білім беру бағдарламаларының спектрін және олардың мазмұнын еңбек нарығының талаптарымен үйлестіру үшін тұрақты қолдау;
•    қауіпсіз еңбек жағдайларында білім алушыларды өндірістік оқыту және олар тәжірибеден өту үшін жұмыс орындарын қамтамасыз ету; 
•    тәжірибеге бағытталған оқытуды қолдау және дамыту (дуальды, тәлімгерлік және т. б.);
•    колледжді басқаруға қатысу (индустриалды кеңес және т. б.);
•    студенттің дайындық сапасын бақылау немесе тәуелсіз бағалау, оның ішінде демонстрациялық емтихан түрінде;
•    педагогтердің тағылымдамаларын ұйымдастыру. 
 

ТӘРБИЕ КОМПОНЕНТІН ЖЕТІЛДІРУ
1.    Колледж студенттерінің патриоттық өзін-өзі тануын және азаматтық белсенділігін нығайту;
2.     Құқық бұзушылық пен деструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша іс-шаралардың тиімділігін арттыру.
 

2020 жылы Колледж «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» НУ-да Институционалдық халықаралық аккредиттеуден өтті.
2022 жылы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің аккредиттеуден кейінгі мониторингі өтті.
2023 жылы  ақпан айында Алматы қаласының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік аттестаттаудан өтті. 

КОНТИНГЕНТ

Көрсеткіштер   

2022-2023

2023-2024

Контингент

772

922

Дуальды оқыту

91

146

Түлек

375

231

Қабылдау

344

589,

оның ішінде 350 грант, 239 ақылы

ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ

ПОҚ сапалық құрамы 51,5 %, нормасы 30% құрайды.

ПОҚ біліктілігін арттыру

Колледж «Авиациялық техника» бейіні бойынша ӨОӘБ болып табылады, ҒЖБМ ҰТО, ТжКБД Білім министрлігімен, «Talap» КЕАҚ-мен үлкен жұмыс жүргізілуде.
2023 жылы «Авиациялық қауіпсіздік» пәні бойынша Академияға түсетін колледж түлектеріне ТжКБ ҰБТ-ға арналған тест тапсырмалары әзірленіп, сараптамалар жүргізілді, ал 2022 жылы арнайы пәндер оқытушылары ҒЖБМ ҰТО-да педагогтердің білімін бағалау үшін тест тапсырмаларына сараптама әзірленді және жүргізілді.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы