Кадровая политика

HR департаментінің негізгі функциялары:

  • кадрлық іс жүргізу, оған құжаттарды есепке алу және сақтау, Азаматтық авиация академиясы басшылығының қызметкерлермен жасалатын келісімшарттары мен еңбек шарттарын дайындау кіреді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Академияның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді, сондай-ақ ішкі еңбек нормативтері мен актілерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
  • кадрлық стратегияны әзірлеу;
  • кадр резервін қалыптастыру және құру, сондай-ақ кадрлардың сандық және сапалық құрамы туралы деректер банкін жүргізу;
  • қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттыру мәселелері бойынша оқу орындарымен тікелей байланыс орнату;
  • еңбек тәртібін нығайту, кадрлардың тұрақтамауын, жұмыс уақытын жоғалтуды кеміту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, олардың орындалуын бақылау. 

HR департаментінің алдына қойылған міндеттер:

  • компанияның бейілді және стратегиялық мақсатқа қол жеткізуге бағдарланған жоғары білікті мамандарды тарту, дамыту және ұстап қалудың кешенді жүйесін құру (ААА-ның даму Стратегиясына негізделген);
  • құрылымдық бөлімшенің жұмысын жетілдіруге бағытталған процестерді басқару және жағдайын болжау;
  • кадрларды оқыту, даярлау және біліктілігін арттыруға байланысты жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру;
  • қызметкерлер арасында Академияның әлеуметтік мәртебесін нығайту;
  • Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының талаптарына, ішкі еңбек тәртібі ережелеріне сәйкес кадрлық менеджментті жүргізуге көмек көрсету;
  • кадр саясатын әзірлеу, Академияның құрылымдық бөлімшелерімен іс-қимылдарды үйлестіру.

Академия стратегиясының бір бағыты кадрлық әлеуетті дамыту болып табылады. Біздің Ректор Сейдахметов Бекен Канеловичтің айтуынша, барлығы кадрдан басталады, сондықтан жоғары білікті ғылыми және педагогикалық кадрларды іріктеу басым міндеттердің бірі болып табылады.

Сондай-ақ, 2025 жылға дейінгі Стратегияны орындау нәтижесінде ғылыми дәрежелері мен атақтары бар оқытушылардың үлесін арттыру және НПР орта жасын 47-ден 42 жасқа дейін төмендету басым міндеттердің бірі болып табылады.   

Жас ғылыми-педагогикалық кадрларды тарту.

ААА басшыларына арналған бағдарлар профессорлық-оқытушылар құрамының барынша жайлы шығармашылық жұмыс жасауына, материалдық және моральдық ынталандыру үшін қолайлы жағдай жасауға алынды. Кадрларды іріктеуді және уәждеуді, олардың мансабын басқаруды, олардың жұмыс сапасын бағалауды құрылымдық бөлімшелердің басшылары жүзеге асырады.

Стратегия жаңа идеялар ағынын және кадрлардың көбеюін қамтамасыз ету үшін жоғары жеке сипаттамалары мен біліктілігі бар жас қызметкерлер ұжымын құруды жоспарлап отыр.

Байланыстар:

e-mail: hr@agakaz.kz

тел.: 383-90-36 ішкі 225/211

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы