Студенттің анықтамалық-жолсілтемесі

Құрметті бірінші курс студенті!

Қазақстандағы жалғыз авиациялық жоғары оқуына түсуіңізбен құттықтаймыз!

Бұл Анықтамалық-жолсілтеме Сізге Азаматтық авиация академиясындағы студенттік өмірге тез бейімделуге көмектеседі.

Әдістемелік нұсқаулықта академия туралы жалпы мәліметтер, білім алушының құқықтары мен міндеттері, кредиттік технология бойынша оқу шарттары, әрбір пән бойынша қорытынды бағаларды есептеу әдістемесі және GPA, ауыстыру және қалпына келтіру ережелері және т.б.

Анықтама академияның құрылымы, сізді қызықтыратын бөлімдердің орналасқан жері мен телефондары туралы ақпаратты қамтиды, сонымен қатар жоғары оқу орнының құрылу тарихы мен оның келешегі, мамандарды даярлау ерекшеліктері туралы толық ақпаратты көрсетеді (кредиттік технологиямен, ауыстыру және қалпына келтіру ережелері туралы және біздің академияда оқу кезінде студенттердің оқуы керек пәндер туралы).

Студенттік нұсқаулық академиямызда бейімделу және оқу үдерісінде сіздің сенімді көмекшіңіз болады деп үміттенеміз.

Оқу жылының сәтті басталуы үшін бағдарлау апталығына белсенді қатысуларыңызды сұраймыз. Бағдарлау аптасында сіз:

1) академиялық күнтізбемен; ішкі тәртіп ережелерімен; жатақханада тұру ережелерімен; кітапхананы пайдалану ережелерімен танысуға;

2) жеке оқу жоспарларын қалыптастыру бойынша кеңес алуға;

3) автоматтандырылған ақпараттық жүйеге кіру үшін логин мен пароль алуға;

4) ағылшын тілін білу деңгейлерін анықтауға арналған тест тапсыруға;

5) Google Meet оқу платформасын пайдалануды үйренуге.

 

Студенттің «Анықтамалық-жолсілтемесі»

 

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы