Оқу бөлімі

Оқу бөлімі академияның құрылымдық бөлімшесі болып табылады және

01.09.2021 ж. KZ63VGL00000098 сертификаты

Оқу бөлімі қызметінің негізгі мақсаты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен ПӘ кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламаларының талаптарына және ҚР өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен, сондай-ақ ИКАО қағидаларына сәйкес авиация мамандарын кәсіптік даярлау болып табылады. Күндізгі оқу нысаны бойынша біліктілікті арттырудың қосымша кәсіптік бағдарламалары бойынша қосымша кәсіптік білім беруді іске асыру, электрондық оқытуды, қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, біліктілікті арттырудың қосымша кәсіптік бағдарламалары бойынша қосымша кәсіптік білім беруді іске асыру, тыңдаушыларды оқыту нысандарын, әдістерін жетілдіру және сапасын арттыру, нұсқаушы құрамның біліктілігін арттыру.

 

1.Оқу бөлімінің негізгі міндеттері:

1) Азаматтық авиация ұйымдарының кәсіптік даярлау саласындағы оқыту жөніндегі қызметтерге қажеттіліктерін зерделеу;

2) рұқсаттардың, рейтингтердің қолданылу мерзімін ұзарту үшін Академияның ұшу-нұсқаушы құрамын, сондай-ақ АОО құрылымдық бөлімшелерінің басқа да нұсқаушыларын оқытуды, олардың кәсіби біліктілігін арттыруды және қолдауды қамтамасыз ету;

3) авиациялық ұйымдарды Академияның АОО қолданыстағы сертификатының қолданылу саласына сәйкес курстар туралы хабардар ету;

4) оқыту бойынша шарттар жасасу;

5) ИКАО – ның, ҚР Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органының авиация персоналын оқыту жөніндегі және персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі басшылығының (бұдан әрі-Аөсжт)талаптарын жүзеге асыруға қатысты саясат пен қағидаларды орындау; ;

6) ҚР Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мен ИКАО оқыту бағдарламаларын іске асыру;

7) академияның АОО қызметі мақсатында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органдармен тығыз ынтымақтастық;

8) авиациялық сала мамандарын даярлау үшін өзекті оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және енгізу жөніндегі оқу-әдістемелік жұмыс;

9) білікті нұсқаушылардың деректер базасын құру және қолдау;

10) әріптестік қатынастарды орнату және басқа (жергілікті, шетелдік) АОО-мен, ұйымдармен бірлескен жұмысты жолға қою.

Курстар бойынша қосымша ақпарат алу үшін клиенттермен жұмыс істеу жөніндегі кеңсенің аға менеджері Жаксылыкова Раушанға 8 705 275 39 88 телефоны бойынша, электронды мекен-жайға хабарласуларыңызды сұраймыз: r.zhaksylykova@agakaz.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы