| Даярлау бағыты | ББТ атауы | ББ атауы |
|---|---|---|
| 7M071 – Инженерия және инженерлік іс | M105 – Авиациялық техника және технологиялар | Авиациялық техника және технологиялар (бейіндік, ғылыми-педагогикалық бағыт) |
| M106 – Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану | Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану (бейіндік, ғылыми-педагогикалық бағыт) | |
| 7M113 – Көлік қызметтері | M151 – Көлік қызметтері | Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (бейіндік, ғылыми-педагогикалық бағыт) |
Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде жоғары оқу орнынан кейінгі тегін білім алуы магистратура бағдарламалары бойынша стипендиялық бағдарламаны қоспағанда, ҚР халықаралық шарттарында айқындалады.
1) күнтізбелік жылдың 01 маусымынан 08 шілдесіне дейін;
2) күнтізбелік жылдың 28 қазанынан 10 қарашасына дейін.
IELTS, TOEFL IBT, DSH, TestDaF-Prufung, TFI, DELF, DALF, TCF шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттары және стандартталған GRE тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаттары бар тұлғаларға КТ-ға электронды форматта және конкурсқа қатысу үшін өтініш берген кезде сертификат деректерін енгізу қажет.
Жоғарыда көрсетілген сертификаттардың балдарын аудару РБ немесе ЖБ қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін өтініш бергеннен кейін немесе ақылы негізде Академияға қабылданған кезде жүзеге асырылады.
1) күнтізбелік жылдың 20 шілдесінен 10 тамызына дейін;
2) күнтізбелік жылдың 18 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін.
1) күнтізбелік жылдың 15 тамызынан 28 тамызына дейін;
2) күнтізбелік жылдың 26 желтоқсанынан 10 қаңтарына дейін.
М105 - Авиациялық техника және технологиялар және М106 – Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану білім беру бағдарламаларының топтарына магистратураға түсетін тұлғалар ОҚҮҚ сәйкес балдарды ауыстыру шкаласына сәйкес GRE стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты болған кезде оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық магистратуруға КТ оқуға дайындығын айқындауға арналған тесттен және шет тілі бөлімінен босатылады.
М105 - Авиациялық техника және технологиялар және М106 – Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану білім беру бағдарламаларының топтарына магистратураға түсетін тұлғалар ОҚҮҚ сәйкес балдарды ауыстыру шкаласына сәйкес GRE стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты болған кезде оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілетін бейінді магистратуруға КТ оқуға дайындығын айқындауға арналған тесттен өз қалауымен босатылады.
Ақылы негізде қазақ немесе орыс тілінде оқытатын бейіндік магистратураға тұлғаларды қабылдау КТ қорытындысы бойынша қазақ немесе орыс тілінде оқытатын бейіндік магистратураға КТ үшін бағалаудың 100 балдық жүйесінің шкаласына сәйкес жүзеге асырылады: кемінде 30 балл, бұл ретте ББТ бейіні бойынша: бірінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады. (3-қосымша).
Бейінді магистратураға саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне, тиісті салалардағы азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізіліміне сәйкес басшы лауазымында кемінде бес жыл өтілі бар немесе білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес мамандығы бойынша кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар тұлғалар Академияның қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша ақылы негізде қабылданады.
1) ғылыми-педагогикалық магистратура үшін кемінде 75 балл, бұл ретте шет тілі бойынша кемінде 25 балл, ББТ бейіні бойынша: бірінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл;
2) оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратура үшін кемінде 30 балл, бұл ретте ББТ бейіні бойынша: бірінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл.
1) Академия Ректорының атына өтініш (еркін нысанда);
2) жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
4) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
5) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электрондық форматтағы 075-У нысанындағы медициналық анықтама.
Ескерту. Шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда, осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынылады;
6) шет тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (болған жағдайда): ағылшын тілі: IELTS Academic - кемінде 6,0; TOEFL IBT- кемінде 60;
7) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (олар болған жағдайда).
Ескерту. 3), 6) және 7) тармақшаларда санамаланған құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары қайтарылады.
Оқуға түсушілерге құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда ҚК құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
КТ бейіндік пәндері көрсетілген магистратураның ББТ
| ББТ атауы | Бейіндік пәндер | |
|---|---|---|
| 1 бейіндік пән | 2 бейіндік пән | |
| M105 – Авиациялық техника және технологиялар | Ұшу аппараттарының құрылымы | Авиациялық техника теориялық негіздері |
| M106 – Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану | Ұшу аппараттарының құрылымы | Ұшу қауіпсіздігі және авиациялық оқиғаларды тексеру |
| M151 – Көлік қызметтері | Көлік түрлерінің өзара әрекеттесуі | Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару |
Қазақ немесе орыс тілінде оқытатын ғылыми-педагогикалық магистратураға КТ арналған 150 балдық бағалау жүйесінің шкаласы
| Тест түрі | Тапсырмалар формасы | Тапсыру тілі | Тесттер саны | Жалпы балл | Шекті балл |
|---|---|---|---|---|---|
| Шет тілі бойынша тест | Тыңдалым Лексика-грамматикалық тест Оқылым |
Ағылшын / Неміс / Француз | 50 | 50 | 25 |
| Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест | Бір дұрыс жауапты таңдау | Қазақ / Орыс | 30 | 30 | 7 |
| ББТ бейіні бойынша тест | Бірінші бейінді пән бойынша | Қазақ / Орыс | 30 | 30 | 7 |
| Екінші бейінді пән бойынша | Қазақ / Орыс | 20 | 40 | 7 | |
| Барлығы | 130 | 150 | 75 | ||
Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 70 балдық бағалау жүйесінің шкаласы
| Тест түрі | Тапсырмалар формасы | Тапсыру тілі | Тесттер саны | Жалпы балл | Шекті балл |
|---|---|---|---|---|---|
| Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест | Бірінші бейінді пән бойынша | Қазақ / Орыс | 30 | 30 | 7 |
| Екінші бейінді пән бойынша | Қазақ / Орыс | 20 | 40 | 7 | |
| Барлығы | 50 | 70 | 30 | ||