Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандарын
071 – Инженерия және инженерлік іс даярлау бағыты («Әуе көлігі және технологиялары» және
«Әуе кемелері мен қозғалтқыштардың ұшудағы пайдалану» білім беру бағдарламаларының топтары) бойынша ҚР БҒМ РОӘК Оқу-әдістемелік бірлестігі –жобаларды басқару тобы
«Азаматтық авиация академиясы» АҚ (бұдан әрі - Академия) негізіндегі Оқу-әдістемелік бірлестігі-Жобаларды басқару тобы (бұдан әрі – ОӘБ-ЖБТ) Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі консультативтік-кеңесші жұмыс органы болып табылады.
ОӘБ-ЖБТ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 562 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін және кадрларды даярлау оқу-әдістемелік бірлестіктерді құру туралы және олардың қызметі туралы ережені бекіту туралы» бұйрығы негізінде қызмет жасайды.
Академия базасындағы ОӘБ-ЖБТ Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі консультативтік-кеңесші жұмыс органы болып табылады.
ОӘБ-ЖБТ қызметін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесі басқарады.
ОӘБ-ЖБТ қызметінің бағыттары:
- ұлттық біліктілік шеңберіне, салалық біліктілік шеңберіне және кәсіптік стандарттарға сәйкес қазақстандық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін дамыту тәсілдерін әзірлеу;
- әлемдік білім беру кеңістігінде қазақстандық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған оның дамыту стратегиясын қалыптастыруға қатысу;
- білім беру үрдісті, өзгермелі жағдайларға сәйкес және жаһандық мәселелерді ескере отырып, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің сыртқы және ішкі сапасын қамтамасыз ету жүйелерін жетілдіру тәсілдері мен әдістерін әзірлеу.

Академия базасындағы ОӘБ құрамына тиісті мамандарды даярлау бағыты бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының өкілдері, жұмыс берушілердің, жұмыс берушілер қауымдастықтарының, халықаралық үкіметаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және басқа да мүдделі органдардың өкілдері кіреді:
ОӘБ-ЖБТ мүшелері - «Азаматтық авиация академиясы" АҚ өкілдері:
- Сейдахметов Бекен Канелович, Басқарма Төрағасы - Ректор, э.ғ.к., ОӘБ-ЖБТ төрағасы;
- Жакупов Қайрат Болатович, академиялық қызмет жөніндегі проректоры, ОӘБ-ЖБТ төрағасының орынбасары;
- Молдыбаева Асель Анатольевна, әдістемелік жұмыс жөніндегі департаментінің әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, ОӘБ-ЖБТ хатшысы;
- Адильханов Ержан Газизович, әдістемелік жұмыс жөніндегі департамент директоры, т.ғ.к.;
- Шанлаяков Аркен Советжанович, академиялық жұмыс жөніндегі департамент директоры, т.ғ.к.;
- Алдамжаров Қазбек Бакитович, «Авиациялық техника және технология» кафедрасының профессоры, т.ғ.д.;
- Асилбекова Индира Жаксыбаевна, «Авиациялық тасымалдау және логистиканы ұйымдастыру» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к.;
- Оспанов Ербол Абылаевич, «Әуе кемелерін ұшуда пайдалану» кафедрасының меңгерушісі;
- Карсыбаев Ержан Ертаевич, «Авиациялық техника және технологиялар» кафедрасының меңгерушісі;
- Кукушин Виктор Алексеевич, «Авиациялық техника және технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы;
- Мырзаханова Камиля Нурлановна, 6В07108 «Әуе кемелерін техникалық пайдалану» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті, студенттік үкіметтің президенті.
ОӘБ-ЖБТ мүшелері - шетелдік ЖОО өкілдері:
- Елисеев Борис Петрович, Мәскеу мемлекеттік техникалық азаматтық авиация университетінің ректоры, з.ғ.д., профессор;
- Борзова Анжела Сергеевна, Мәскеу мемлекеттік техникалық азаматтық авиация университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, т.ғ.д., доцент;
- Яцкив Ирина Владиславовна, Көлік және байланыс институты ректорының м. а., профессор, т.ғ.д., профессор (Рига, Латвия);
- Воронцова Александра Михайловна, «Санкт-Петербург мемлекеттік азаматтық авиация университеті» ФМБ ЖОО оқу-әдістемелік басқармасының бастығы, э.ғ.к.;
- Отверченко Любовь Федоровна, «Санкт-Петербург мемлекеттік азаматтық авиация университеті» ФМБ ЖОО оқу-әдістемелік басқармасы бастығының орынбасары, әлеум. ғ. к., доцент;
- Садовская Оксана Анатольевна, И. Абдраимов атындағы Қырғыз авиациялық институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары. э.ғ.к.;
- Беляева Елена Вадимовна, «Авиацияның Бас маршалы Б.П. Бугаев атындағы Ульяновск азаматтық авиация институты» ФМБ ЖОО «Әуежай қызметін ұйымдастыру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, пед.ғ.к., доцент;
- Дормидонтов Александр Викторович, «Авиацияның Бас маршалы Б.П. Бугаев атындағы Ульяновск азаматтық авиация институты» ФМБ ЖОО «Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент, РФ ЖКБ құрметті қызметкері;
- Косачевский Сергей Григорьевич, «Авиацияның Бас маршалы Б.П. Бугаев атындағы Ульяновск азаматтық авиация институты» ФМБ ЖОО «Ұшу эксплуатациясы және ұшу қауіпсіздігі» кафедрасының профессоры, «Әуе кемелерін ұшу эксплуатациясы» кафедрасының доценті, т.ғ.к.
ОӘБ-ЖБТ мүшелері - бейінді кәсіпорындардың (жұмыс берушілер) және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері:
- Нурекенова Карлыгаш Кайырлыовна, ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитетіне бағынысты ұйымдармен және ғылым бойынша жұмыс жүргізу басқармасының басшысы;
- Стацурина Юлия Александровна, «Kazlogistics» Қазақстан көлік қызметкерлері одағының кадрлық ресурстарды дамыту жөніндегі атқарушы директоры;
- Тараканов Дмитрий Михайлович, «№ 405 авиажөндеу зауыты» АҚ директорының өндіріс жөніндегі орынбасары;
- Жүнісбекова Нұргүл Оразымбетовна, «№ 405 авиажөндеу зауыты» АҚ кадрлар бөлімінің бастығы;
- Төлебаев Мақсат Ерболович, «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ әуе кемелеріне жерде сервистік қызмет көрсету қызметінің бастығы;
- Ахметов Ринат Маратович, «SCAT» АҚ ұшу кешенінің кәсіби дайындық бөлімінің бастығы;
- Желдібаев Роллан Ақтайлақұлы, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ жерде қызмет көрсету департаментінің ӘК перрондық қызмет көрсету қызметінің бастығы;
- Зинке Александр, «Air Astana» АҚ оқыту және техникалық қызмет көрсету стандарттары жөніндегі аға менеджері;
- Ахметов Талғат Ғабитович, «Air Astana» АҚ «Airbus» флотын оқыту жөніндегі менеджері.
Тел.: +7 (727)-346-92-06 (ішкі 234)
E-mail: dmsder@agakaz.kz