1) күнтізбелік жылдың 3 шілдесінен 3 тамызына дейін;
2) күнтізбелік жылдың 25 қазанынан 10 қарашасына дейін.
GRE (Graduate Record Examinations) халықаралық стандартталған тест сертификаты бар адамдар түсу емтиханына қатысу үшін өтініш берген кезде сертификат деректерін енгізуі қажет.
Көрсетілген сертификат балдарын түсу емтиханының балдарына ауыстыру ОҚҮҚ сәйкес мемлекеттік білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін өтініш берген кезде жүзеге асырылады.
1) күнтізбелік жылдың 4 тамызынан 20 тамызына дейін;
2) күнтізбелік жылдың 19 қарашасы мен 11 желтоқсаны аралығында жүзеге асырылады.
IELTS Academic, шекті балл – кемінде 5,0;
TOEFL IBT, шекті балл - кемінде 35;
TOEFL ITP, шекті балл – кемінде 417;
TOEIC (Test of English for International Communication (Тест ов Инглиш фо Интернейшнал комуникэйшн)), шекті балл – кемінде 550;
Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш тест), шекті балл – кемінде 80.
6), 7), 9) - тармақтарда санамаланған құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
TOEFL ITР (Тest of English as a Foreign Language institutional Testing Program) сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсырады.
Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеудің тест тапсырмаларының саны 100 сұрақты құрайды. Максималды балл-100 балл.
Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеу "рұқсат беру" немесе "жібермеу"нысанында бағаланады. "Рұқсат" бағасын алу үшін кемінде 75 балл жинау қажет.
ҰТО ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымдарда өткізеді.
Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсыру күні, уақыты және орны оқуға түсушілердің назарына олардың жеке кабинеті арқылы жеткізіледі.
Қосымша тестілеу нәтижелері бойынша электрондық сертификат беріледі, ол ҰТО сайтында жарияланады және расталады және түсушінің жеке кабинетіне жіберіледі.
С4-20 тамыз аралығында өткізілген қосымша тестілеу сертификаты ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін жарамды.
18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткізілген қосымша тестілеу сертификаты келесі күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейін жарамды.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған кезде ҚК оқуға түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.
Мемлекеттік немесе ресми тілі ағылшын тілі болып табылатын елдерде шетелдік ЖЖОКБҰ – ны аяқтаған және экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастығына енгізілген шетелдік аккредиттеу органдарының мамандандырылған аккредиттеуі бар тұлғалар 5 жыл ішінде осы тармақта көрсетілген шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарды ұсынбайды.
Қабылдау емтиханы қағаз түрінде Академияда өткізіледі. Компьютерлік форматтағы түсу емтиханы білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымдарда өткізіледі. Оқуға түсу емтихандарын тапсыру күні, уақыты және орны оқуға түсушілердің назарына олардың жеке кабинеті арқылы жеткізіледі.
Қорытынды баға 6-қосымшаға сәйкес эссені бағалау, докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест, ББТ бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауап және әңгімелесу нәтижелерін жинақтау арқылы алынған балдардың жиынтығын білдіреді.
Докторантураға түсу емтиханына 3 сағат 30 минут (210 минут) беріледі, оның ішінде:
әңгімелесуге – 20 минут;
эссе және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар жазуға – 190 минут (3 сағат 10 минут).
Бұл ретте, көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедектерге "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) бекітілген мүгедектікті белгілеу туралы құжатты ұсынған жағдайда түсу емтиханын тапсыруға 60 минутқа дейін қосымша уақыт беріледі.
Қосымша тестілеу және түсу емтиханы басталғанға дейін қосымша тестілеу және түсу емтиханының әкімшісі (бұдан әрі - Әкімші) түсушілерге қосымша тестілеу және түсу емтиханын өткізу қағидалары бойынша нұсқама жүргізеді.
Қосымша тестілеу мен түсу емтиханы басталғаннан кейін уақыт бойынша 40 минуттан артық кешігіп келгендер қосымша тестілеуге және түсу емтиханына жіберілмейді.
Қосымша тестілеуді және қабылдау емтиханын бастау үшін үміткерге:
Түсу емтиханы аяқталған соң түсушінің эссе және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарының бөлімдері бойынша жауаптары өзі таңдаған ЖЖКОБҰ-ға өңдеу және бағалау үшін жіберіледі.
Докторантураға түсетін адамдар үшін әңгімелесуді Академия "Эссе жазу"және "Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар" блоктары бойынша түсу емтихандарын тапсырғанға дейін дербес жүргізеді.
Әңгімелесу оқуға түсушінің кәсіби және жеке қасиеттерін, ғылыми - зерттеу немесе эксперименттік-зерттеу жұмыстарын жүргізу әлеуетін бағалауға бағытталған.
Әңгімелесу міндетті түрде бейне байланысты пайдалана отырып, қашықтықтан жүргізіледі. Бейнежазба архивте кемінде үш жыл сақталады.
Әңгімелесу емтихан комиссиясының төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
Оқуға түсуші әңгімелесуге келмеген жағдайда 0 балл қойылады, хаттамамен ресімделеді, оған емтихан комиссиясының төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.
Түсу емтиханының нәтижелері түсу емтихандары өткізілгеннен кейін келесі күні жарияланады.
Түсу емтиханының және (немесе) апелляцияға өтінішті қараудың нәтижелері бойынша (апелляцияға өтініш берген жағдайда) түсушіге электрондық сертификат беріледі, ол ҰТО сайтында жарияланады және түсушінің жеке кабинетіне жіберіледі.
Оқуға түсу емтиханының электрондық сертификаты ҰТО сайтында расталады.
4-20 тамыз аралығында өткізілген түсу емтиханының сертификаты ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін жарамды.
18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткізілген түсу емтиханының сертификаты келесі күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейін жарамды.
Академияның емтихан комиссиясы оқуға түсушінің жеке коды бойынша жұмыстарды тексереді және қарау нәтижелерін ақпараттық жүйе арқылы ҰТО-ға нәтижелерді одан әрі жариялау үшін жібереді.
Түсу емтиханының нәтижелері емтихан өткізілгеннен кейін келесі күні жарияланады.
D105 - Авиациялық техника және технологиялар ББТ докторантураға түсуші тұлғалар ББТ бейіні бойынша емтихан сұрақтарының бөлімін тапсырады және ОҚҮҚ сәйкес балдарды аудару шкаласына сәйкес Graduate Record Examinations (грэдуэйт рекорд экзаменейшен) GRE стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты болған кезде эссе жазудан босатылады.
Стандартталған GRE тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар тұлғалар түсу емтиханы мен конкурсқа қатысу үшін өтініш берген кезде деректерді енгізуі керек.
Сертификат балдарын ОДАТ және эссе жазу балдарына ауыстыру білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш берілген кезде және Академияға ақылы негізде оқуға қабылдау кезінде жүзеге асырылады.
Ұсынылған сертификаттардың түпнұсқалығын және қолданылу мерзімін Академияның ҚК тексереді.
Өтініштер докторантураға түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және Академияның апелляциялық комиссиясы өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарайды.
Докторантураға түсу емтиханының компьютерлік форматтағы апелляциясына өтініш келесі күні нәтижелер жарияланғаннан кейін сағат 13:00-ден 13:40-қа дейін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйым базасында қабылданады.
Докторантураға түсетін тұлғалардың ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеу бойынша тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер бойынша апелляциясын Республикалық апелляциялық комиссия қарайды.
Техникалық себептер бойынша докторантурада апелляцияға өтінішті түсу емтиханын өткізу кезінде береді.
Техникалық себеп бойынша Апелляция нәтижесінде дұрыс жауапты анықтау мүмкін болмайтын тест тапсырмасы шартының фрагменті (мәтіндер, схемалар, суреттер, кестелер) болмаған жағдайда қаралады.
Апелляцияға берілген өтініште баяндалған нақты фактілер қарауға жатады.
Мазмұны бойынша докторантураға түсу емтиханының апелляциясына 40 минут беріледі.
Докторантураға түсуші тұлғалар мазмұны бойынша ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеу апелляциясына өтінішті 30 минут ішінде береді.
Дәлелді негіздемені көрсетпей (жауап жоқ, толық түсіндірме, міндеттерді кезең-кезеңімен шешу) эссе жазу және ББТ бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауап беру блоктары бойынша апелляцияға өтініштер қарауға жатпайды.
Эссе жазу, ББТ бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауап беру нәтижелері бойынша апелляцияны Академияның апелляциялық комиссиясы жүргізеді.
Докторантураға түсу үшін 100 балдық бағалау жүйесінің шкаласы
| Тапсырма түрлері | Балдары |
|---|---|
| Әңгімелесу | 30 |
| Эссе | 20 |
| Білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан | 50 |
| Барлығы | 100 |