Кітапхана туралы

Ақпараттық-кітапхана бөлімі

Академия кітапханасы оқу мен ғылыми процестерге қажетті әдебиеттермен және ақпараттармен қамтамасыз етеді. Академия кітапханасы студенттердің, профессор –оқытушылардың және Академияның басқа да құрамының  мәдени және рухани орталығы. Қазіргі уақытта кітапхананың ақпараттық инфрақұрамы оқу үрдісіне қажетті оқулықтар, монографиялар, оқу-әдістемелік материалдар, көркем әдебиеттер мен мерзімді басылымдар жинақталған.

Кітапхананың ақпараттық қызметі студенттердің білім сапасын және Академияның ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыруға бағытталған.

Академия кітапханасының қорын оқулықтар, монографиялар, оқу-әдістемелік кешен, көркем әдебиет және мерзімді басылымдар құрайды.

                                                       

Қор жыл сайын Академияның білім беру бағдарламаларына сәйкес жаңартылып отырады. Қордың сапасы Академияның мамандығының талаптарына сәйкес келеді.

Кітапханада автоматтандырылған тәртіпте кітапханалық жұмысты жүргізуге мүмкіндік беретін «КАБИС» кітапханалық – ақапарттық жүйесі жұмыс істейді.

                                                                                                         

Кітапхананы пайдаланушылар студенттер, магистранттар, докторанттар, оқытушылар, Академия қызметкерлері болып табылады.

Электронды залда Ғаламтор желісі арқылы Алматы Академияның электронды кітапханасына, Республикалық Жоғары оқу аралық электронды кітапханасына (РМЭБ) мәліметтер дерекқорына қол жеткізуге болады.

Кітапхана төмендегідей ақпараттық–кітапханалық қызмет түрлерін ұсынады:

  • Пайдаланушыларға әдебитеттер беру;
  • Ғаламтор жүйесіне қосылу;
  • Электронды каталог жайында кеңес және қол жетімділік;
  • Жаңа әдебиеттер көрмесін және тақырыптық көрмелерді өткізу.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы