Талапкерлерге

Авиация колледжі азаматтық авиация үшін техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауды жүзеге асырады. Оқыту мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Колледж негізгі орта білім (9 сыныптан кейін) және жалпы орта білім (11 сыныптан кейін) негізінде келесі мамандықтар бойынша білім береді:

07160800 мамандығы - Жердегі авиациялық радиоэлектронды жабдықтарды техникалық пайдалану.

Біліктіліктері:

3W07160801 - Радио-электромонтаждаушы (11 сынып/10 ай).

Бұл біліктіліктің түлегі авиациялық кәсіпорындарда, әуежайларда, авиакомпанияларда және басқа салаларда жұмыс істей алады, онда жеке блоктар мен радио және арнайы жабдықтардың бақылау құралдары бойынша тексеруді жүзеге асырады.

4S07160802 - Радионавигация, радиолокация және байланыс технигі (9 сынып/2ж. 10 ай, 11 сынып/ 1 ж. 10 ай).

Осы біліктіліктің түлегі жердегі радиолокациялық және радионавигациялық қондырғыларға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын әуежайларда, авиакомпанияларда, әуе қозғалысын ұйымдастыру қызметтерінде жұмыс істей алады.

4S07160803 - Техник-электрик (9 сынып/2 ж. 10ай., 11 сынып/ 1 ж. 10 ай).

Бұл біліктіліктің түлегі көлік кешенінің электр жабдықтары бар авиация кәсіпорындарында, авиакомпанияларда және көліктің басқа салаларында жұмыс істей алады.

9 сынып базасындағы пәндер: қаз.тілі / орыс тілі, физика, ағылшын тілі.

11 сынып базасындағы пәндер: қаз.тілі / орыс тілі, Қазақстан тарихы, физика, ағылшын тілі.

07161000 мамандығы - Әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

Біліктіліктері:

3W07161001 - Авиациялық техниканы жөндеу жөніндегі слесарь-механик (11 сынып/10 ай.).

Бұл біліктіліктің түлегі авиажөндеу зауыттары мен кәсіпорындарында жұмыс істей алады. Маман ұшу аппататтарының, агрегаттардың, авиациялық қозғалтқыштардың тораптары мен механизмдерін бөлшектеумен, монтаждаумен, жөндеумен, ақауын анықтаумен айналысады.

3W07161002 - Авиациялық техниканы құрастырушы слесарь (11 сынып/10 ай.).

Осы біліктіліктің түлегі әуе кемелерінің әр түрлі типтеріне арналған авиациялық техниканы жөндеу және қызмет көрсетуді жүзеге асыратын авиакәсіпорындарда жұмыс істей алады. Ол түйіндік, агрегаттық құрастыру, монтаждау және реттеу жұмыстарымен егжей-тегжейлі айналысады.

4S07161003 - В-3 санатындағы әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету техник-механигі (9 сынып/2 ж. 10 ай., 11 сынып/1 ж. 10 ай.).

Осы біліктіліктің түлегі жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемелеріне қызмет көрсетіп, авиакәсіпорындарда жұмыс істей алады. Маман ең жоғары ұшу салмағы 2250 кг-нан аз ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарға техникалық қызмет көрсетумен және оларды пайдаланумен айналысады.

4S07161004 - А санатындағы әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету техник - механигі (9 сынып/2 ж. 10 ай, 11 сынып/1 ж.10 ай).

Осы біліктіліктің түлегі авиакомпанияларда жұмыс істей алады. Маман әуе кемесін ұшу алдында қарап тексеріп шығады, компоненттер мен тораптарды ауыстырғаннан кейін борт журналдарын рәсімдеп, толтырады және ұшақ салонындағы ақауларды анықтап, оларды ақау тізімдемесіне енгізеді.

9 сынып базасындағы пәндер: қаз.тілі / орыс тілі, физика, ағылшын тілі.

11 сынып базасындағы пәндер: қаз.тілі / орыс тілі, Қазақстан тарихы, физика, ағылшын тілі.

10410100 мамандығы - Әуе тасымалдауларын ұйымдастыру.

Біліктіліктері:

3W10410101 – Әуе тасымалдауларды сату және брондау агенті (11 сынып/10 ай.).

Түлек әуежайларда, авиакомпанияларда, туристік фирмаларда жұмыс істей алады және әуе билеттерін сатумен және брондаумен айналысады.

4S10410102 -  Әуе тасымалын ұйымдастыру жөніндегі агенті (9 сынып/2 ж. 10 ай., 11 сынып/ 1ж. 10 ай).

Осы біліктіліктің түлегі жолаушылар және жүк тасымалы қызметінің агенті, көлік тасымалдау менеджері - логисты, тасымалдау менеджері міндеттерін орындай алады.

9 сынып базасындағы пәндер: қаз.тілі / орыс тілі, алгебра, ағылшын тілі.

11 сынып базасындағы пәндер: қаз.тілі / орыс тілі, Қазақстан тарихы, алгебра, ағылшын тілі.

Құжаттар тізімі:

1) Аттестат (түпнұсқа + көшірме);

2) Фото 3*4 – 4 дана;

3) Туу туралы куәлік + ИИН немесе жеке куәлік;

4) № 075-У (бұрынғы 086) нысанындағы медициналық анықтама (анықтама+флюорография).

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар, тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы белгісі бар мәртебесін анықтайтын құжатты ұсынады.

9 сынып және 11 сынып негізінде емтихансыз байқау арқылы өтініштерді қабылдау.

Грантқа қашықтықтан келесі көмек арқылы беруге болады

Egov

Bilim Almaty

порталында 2021 ж. 20-ы тамызға дейін қабылданады.

Құжаттарды келесі мекен-жайда қабылдамыз:

Авиация колледжі, Алматы қ-сы, Ахметова к-сі 44.

Колледжге ақылы түрде құжаттарды қабылдау:

2021 жылғы 25 маусым мен 25 тамыз аралығында күндізгі бөлімге жүзеге асырылады.

Оқу ақысы – 408.000 тенге.

4-ке бөліп төлеуге болады.

Техникалық хатшылардың телефондары:

Динара Жайшылыковна +77014007899

Гульнур Бигалиевна +77479757279

Мерей Маулетайқызы +77076274615

Темірлан Жамбылұлы +77028157810

Қабылдау комиссиясы колледжінің телефоны:

8(727) 346 92 06 (вн. 253)

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының телефоны:

Тулемисова Динара Жайшылыковна +77014007899

Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Ахметов к-сі, 44.

Автобустар: 86, 106, 33, 79, аялдама: азаматтық авиация академиясы

E-mail: aviation-сollege@agakaz.kz

Instagram: AVIATION_COLLEGE_

Telegram: AVIATION COLLEGE

Facebook: AVIACOLLEGEKZ

VK: AVIACOLLEGEKZ

© 1995 - 2022 Академия Гражданской Авиации