Академияның тарихы

Академияның тарихы Қазақстан Республикасы авиациясының тарихымен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасы мен Орта Азиядағы азаматтық авиация мамандарын оқытатын жалғыз оқу орнының қалыптасуы мен дамуында мынадай маңызды жайттарды бөліп көрсетуге болады:

 
1937
Қазақ азаматтық авиация басқармасының оқу-жаттығу жасағын құру

 
1962
Қазақ азаматтық авиация басқармасының оқу-жаттығу жасағы базасында Киев азаматтық авиация инженерлері институтының оқу-консультациялық пунктін ұйымдастыру

 
1995
- "Азаматтық авиация академиясы" білім беру саласындағы коммерциялық емес мекеме ретінде жоғары оқу орны мәртебесін алу
- "Авиациялық техника және технологиялар", "Тасымалдауды ұйымдастыру және басқару", "Әуе кемелерін ұшуда пайдалану", "Экономика" мамандықтарының ашылуы.

 
1998
"Әуе қозғалысын ұйымдастыру" мамандығының ашылуы

 
2000
Халықаралық Азаматтық авиация ұйымына кіру (ICAO-International Civil Aviation Organization)

 
2001
Студенттерді оқытуға мемлекеттік аккредиттеуден өту және алғашқы мемлекеттік білім беру гранттары мен білім беру кредиттерін алу

 
2002
Орта және жоғары кәсіптік білім мамандықтары бойынша білім беру қызметімен айналысуға мемлекеттік лицензиялар алу

 
2004
- Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша білім беру қызметімен айналысуға мемлекеттік лицензия алу;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің лицензиялық талаптарына сәйкестігіне мемлекеттік аттестаттаудан өту

 
2005
- ИСО 9001 сапа менеджменті жүйесі бойынша сертификаттау;
- Техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің ашылуы;
- Азаматтық авиация туралы және ТМД әуе кеңістігін пайдалану туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің авиация мамандарын даярлау жөніндегі Мемлекетаралық авиация комитетінің (МАК) Үйлестіру кеңесінің құрамына кіру

 
2009
- Магистратураның 2 мамандығының ашылуы:
 1) 6М071400 авиациялық техника және технологиялар;
 2) 6М090100 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру.
- Академия жанынан авиациялық колледж ашу

 
2013
- ICAO "ISD-Security" бағдарламасы аясында Орталық Азия өңірі үшін сертификатталған ICAO авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығын ашу;
- Abacus GDS ғаламдық брондау жүйесінің бастамасы бойынша Abacus брондау жүйесінің мамандандырылған компьютерлік класын ашу;
- "Patria" ұшу мектебімен (Финляндия) Меморандумға қол қою.

 
2014
- "Kazlogistics" Қазақстанның көлік Одағы құрамына кіру.
- Boeing-737 және Airbus-320 7 ұшағын және процедуралық жаттығу кешендерін сатып алу;

 
2015
Ұшқыштарды даярлау орталығының ашылуы

 
2016
ICAO халықаралық азаматтық авиация ұйымының каталогында тіркелу

 
2017
Phd докторантураның білім беру бағдарламасының ашылуы 8D071400 авиациялық техника және технология

 
2018
- Академияның Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің қарамағына өтуі;
- Әскери кафедраның ашылуы

 
2019
- EASA және FAA сертификатталған ALSIM ALX тренажерын сатып алу;
- Философия докторы (PhD)дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңестің ашылуы;
- "Әуежай қызметін ұйымдастыру" (бакалавриат) және "Әуе кемелерін ұшуда пайдалану" (магистратура) жаңа білім беру бағдарламалары;
– Халықаралық авиациялық және аэроғарыштық білім беру қауымдастығына кіру-ALICANTO.

 
2020
ҚР БҒМ Ғылым комитетінің "AP08857126 авиациялық техниканы жөндеудің технологиялық процестері бойынша интерактивті оқыту бағдарламаларының кешенін әзірлеу" ғылыми жобасы бойынша 54 млн. теңге сомасына грант алу;

 
2021
- Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA )оқу орталығының ашылуы;
- ICAO шкаласы бойынша авиациялық ағылшын тілін тестілеу орталығының ашылуы

 
2022
- Академияның Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қарамағына өтуі;
- "Авиациядағы көлік процестерінің технологиясы" жаңа білім беру бағдарламасы;
- Ұшуды жерде қамтамасыз ету бойынша мамандар даярлау орталығын ашу;
- LMS MOODLE негізінде жеке білім беру порталын іске қосу

© 1995 - 2022 Академия Гражданской Авиации