Әскери кафедра

Білім беру бағдарламалары



Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 107 және Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 122 «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары жанынан жоғары оқу орындары арасындағы әскери кафедраларды құру туралы» бірлескен бұйрығына сәйкес «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» ҚҰТЗУ КАҚ әскери кафедрасы жанынан ӘЕМ бойынша арнайы мамандар даярлана бастады.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2018 жылғы 7 тамыздағы № 528 бұйрығына сәйкес «Азаматтық Авиация Академиясы»АҚ базасында әскери кафедра құрылды.
Әскери-есептік мамандықтар енгізілді:
«Ұшақтарды, тікұшақтарды және авиациялық қозғалтқыштарды пайдалану және жөндеу»;
«Әскери-көлік авиациясының бөлімшелерін, бөлімдері мен құрамаларын жауынгерлік қолдану»;
«Ұшқышсыз ұшу аппараттарының бөлімшелерін, бөлімдерін жауынгерлік қолдану».
2020 жылы мамандықтар енгізіледі:
«Жойғыш-бомбалаушы авиация бөлімшелерін, бөлімдері мен құрамаларын жауынгерлік қолдану»;
«Майдандық-бомбалаушы авиация бөлімшелерін, бөлімдері мен құрамаларын жауынгерлік қолдану»;
«Авиациялық техника мен қару-жарақты пайдалану мен жөндеуді ұйымдастыру».
Жеке мамандық пен әскери кафедра құрылғаннан бері ҚР ҚК жұмылдыру резервінде  200-ге жуық запастағы офицерлер даярланды және даярланып тұр.

Оқу құралдары шығарылды

 

          

 

 

          

Қабылдау шарттары
Әскери кафедрада оқу үшін студенттерді іріктеуді Қазақстан Республикасының  Қорғаныс министрі бекіткен қабылдау жоспарына сәйкес конкурс негізінде іріктеу комиссиясы жыл сайын жүргізеді.
Әскери кафедраның құжаттарды қабылдауы іріктеу комиссиясының жұмысы басталғанға дейін 10 жұмыс күні бұрын аяқталады.
Әскери кафедрада оқу үшін студенттерді іріктеу конкурсы төрт кезеңде жүзеге асырылады:
бірінші кезең - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығымен бекітілген әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына және ҚР ҚК әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережесі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген) сәйкес медициналық куәландырудан өту.
Медициналық куәландырудан өту үшін студенттерге әскери кафедрада рәсімделген медициналық куәландыру карталары беріледі (7-нысан). Студенттерді медициналық куәландыру қабылдау жылының 1 ақпанынан бастап жергілікті әскери басқару органдарында жүргізіледі.
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін 7-нысан бойынша медициналық куәландыру нәтижелері іріктеу комиссиясының жұмысы басталғанға дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей әскери кафедраға ұсынылады.
Медициналық куәландырудан өтпеген студенттер конкурсқа жіберілмейді.
екінші кезең - кәсіби-психологиялық тестілеу өткізу;
үшінші кезең - дене шынықтыруды тексеру;

Жасөспірім студенттер үшін дене шынықтыру нормативтері:

Р/н

№№

Бақылау жатығулары

Бағасы

1.

«5»

«4»

«3»

2.

100 м (с) жүгіру

14,2

14,5

15,0

3.

3000 м-ге жүгіру (мин)

13,00

15,00

16,00

4.

Биік белтемірге тартылу (есе саны)

12

10

8

Төртінші кезең - ҚР ҚМ келісімі бойынша ЖОО басшысы жасайтын және бекітетін рейтингтік балдың есебіне сәйкес жүзеге асырылатын конкурстық іріктеу.
 



© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы