Қабылдау ережелері

2026-2027 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ҚАБЫЛДАУ ҚАҒИДАЛАРЫ                  

         

1 - тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

  1. Осы Академияға қабылдау қағидалары «Нормативтік құжаттар және сілтемелер»   бөлімінде көрсетілген құжаттарға сәйкес әзірленген және «AGA Standards, Revision E2. Академиялық саясат» құжатында баяндалған Академияның қабылдау саясатын іске асыру болып табылады. Осы Қағидалар Академияға оқуға қабылдау тәртібін егжей-тегжейлі регламенттейді.

2. Академияға тұлғаларды қабылдау республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы мен білім беру гранттарын орналастыру арқылы, сондай-ақ білім алушының жеке қаражаты және заңнамада тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен оқу ақысын төлеу негізінде жүзеге асырылады.

3.  Ректордың бұйрығымен Академияда Қабылдау комиссиясы (ҚК) құрылады және оның жауапты хатшысы тағайындалады. ҚК мүшелерінің құрамы, құқықтары мен міндеттері Академияның Қабылдау комиссиясы туралы ережесімен реттеледі.

 

3-тарау. МАГИСТРАТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ

32.            Магистратураға жоғары білімнің ББ меңгерген тұлғалар қабылданады. Академия магистранттарының контингентін қалыптастыру келесі ББ бойынша жүзеге асырылады:

 

Даярлау бағыты

ББТ атауы

ББ атауы

7М071  – Инженерия және инженерлік іс

М105– Авиациялық техника және технологиялар

Авиациялық техника және технологиялар (бейіндік, ғылыми-педагогикалық бағыт)

М106 – Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану

Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану (бейіндік, ғылыми-педагогикалық бағыт)

7М113  – Көлік қызметтері

М151- Көлік қызметтері

Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (бейіндік, ғылыми-педагогикалық бағыт)

33. Магистратураға тұлғаларды қабылдау КТ немесе түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

34. Магистратураға шетел азаматтарын қабылдау ақылы негізде, күнтізбелік жыл ішінде ҚК өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде жоғары оқу орнынан кейінгі тегін білім алуы магистратура бағдарламалары бойынша стипендиялық бағдарламаны қоспағанда, ҚР халықаралық шарттарында айқындалады.

35. Мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін үш жыл ішінде бейінді магистратураға ақылы негізде мерзімді әскери қызмет өткерген адамдарды қабылдау ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары күнтізбелік жыл ішінде өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша түсу емтихандарынсыз жүзеге асырылады. Бұл ретте мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарды қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

36.Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар адамдарды қабылдағаннан кейін 1 (бірінші) академиялық оқу кезеңі ішінде ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтеді.

37.Шет тіліндегі құжаттар нотариус куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса ұсынылады.

38.Магистратураға түсушілер үшін ҚК магистратураның таңдалған ББТ мәселелері бойынша консультация беруді, КТ рәсімімен танысуды жүзеге асырады.

39.Магистратураға түсушілердің өтініштерін қабылдау Академияның ҚК және (немесе) ҰТО ақпараттық жүйесі арқылы келесі мерзімдерде жүргізіледі:

1) күнтізбелік жылдың 01 маусымынан 08 шілдесіне дейін;

2) күнтізбелік жылдың 28 қазанынан 10 қарашасына дейін.

IELTS, TOEFL IBT, DSH, TestDaF-Prufung, TFI, DELF, DALF, TCF шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттары және стандартталған GRE тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаттары бар тұлғаларға КТ-ға электронды форматта және конкурсқа қатысу үшін өтініш берген кезде сертификат деректерін енгізу қажет.

 Жоғарыда көрсетілген сертификаттардың балдарын аудару РБ немесе ЖБ қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін өтініш бергеннен кейін немесе ақылы негізде Академияға қабылданған кезде жүзеге асырылады.

40.Магистратураға КТ келесі мерзімде өткізіледі:

1) күнтізбелік жылдың 20 шілдесінен 10 тамызына дейін;

2) күнтізбелік жылдың 18 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін.

41.Магистратураға қабылдау келесі мерзімдерде жүргізіледі:

1) күнтізбелік жылдың 15 тамызынан 28 тамызына дейін;

2) күнтізбелік жылдың 26 желтоқсанынан 10 қаңтарына дейін.

42.Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсуші тұлғалар КТ тапсырады, оған шет тілі бойынша тест (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз), ББТ бейіні бойынша тест (3-қосымша), оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдау бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тест кіреді.

43.Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға түсуші тұлғалар таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тестілеуден тұратын КТ тапсырады.

44. КТ ҰТО өткізіледі. КТ нәтижелері бойынша электрондық сертификат беріледі, ол ҰТО сайтында расталады. КТ-ны тапсырған жылы қайта тапсыруға жол берілмейді.

45.Магистратураға түсетін тұлғалар шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат болған кезде, ОҚҮҚ сәйкес балдарды ауыстыру шкаласына сәйкес аударыла отырып, шет тілі бөлімінен өз қалауымен босатылады.                                                                                        Ғылыми-педагогикалық магистратураға қазақ немесе орыс тілінде оқыту нысаны бойынша кешенді тестілеуге (КТ) түсуші тұлғалар халықаралық GRE стандартталған тестін тапсырғаны туралы сертификаты болған жағдайда, өз өтініші бойынша шет тілі блогынан және оқуға дайындығын анықтауға арналған тесттен босатылады. Бұл ретте балдарды ауыстыру шкаласы ТПП-ға сәйкес қолданылады.                                                                                                         Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды тапсыру кезінде, сондай-ақ Академияға оқуға қабылдау барысында ұсынылған сертификаттардың түпнұсқалығы мен қолданылу мерзімі Академияның Қабылдау комиссиясы (ҚК) тарапынан тексеріледі.

46. Мемлекеттік немесе ресми тілі ағылшын тілі болып табылатын елдердің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын (ЖЖОКБҰ) бітірген және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізілімдеріне және (немесе) қауымдастықтарына енгізілген шетелдік аккредиттеу органдарының мамандандырылған аккредиттеуіне ие тұлғалар оқу орнын бітірген күннен бастап 5 жыл ішінде қазақ немесе орыс тілінде оқытылатын магистратураға арналған кешенді тестілеудің (КТ) «Шетел тілі» (ағылшын тілі) тестілеу блогын тапсырудан босатылады.

47. Магистратураға түсушілер өтініште бір білім беру бағдарламалары тобын (ББТ) және үш жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына (ЖЖОКБҰ) дейін көрсетеді.

48. Ғылыми-педагогикалық магистратураға ақылы негізде қабылдау қазақ немесе орыс тілінде оқытылатын магистратураға арналған кешенді тестілеудің (КТ) 150 балдық бағалау жүйесінің шкаласына (4-қосымша) сәйкес КТ нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте талапкердің жинаған балы кемінде 75 балл болуы тиіс, оның ішінде: шетел тілі бойынша – кемінде 25 балл, бірінші бейіндік пән бойынша – кемінде 7 балл, екінші бейіндік пән бойынша – кемінде 7 балл және оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл.        49. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға конкурстық негізде кешенді тестілеуден (КТ) ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады:

  1. ғылыми-педагогикалық магистратураға – кемінде 75 балл, оның ішінде: шетел тілі бойынша – кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейіндік пәннен – кемінде 7 балл, екінші бейіндік пәннен – кемінде 7 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл;
  2. қазақ немесе орыс тілінде оқытылатын бейіндік магистратураға – кемінде 30 балл, оның ішінде білім беру бағдарламалары тобының (ББТ) бейіні бойынша: бірінші бейіндік пәннен – кемінде 7 балл, екінші бейіндік пәннен – кемінде 7 балл.                                                       

 

50. Магистратураға түсуші тұлғалар келесі құжаттар тізбесін ұсынады:

1)  Академия Ректорының атына өтініш (еркін нысанда);

  1. жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
  2. жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
  3. 3x4 сантиметр өлшеміндегі алты фотосурет;
  4. ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075-У нысанындағы медициналық анықтама (электрондық форматта);                                                                                                   Ескерту. Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары, төтенше жағдай енгізілген, сондай-ақ әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда медициналық анықтама осы іс-шаралар алынғаннан кейін білім беру ұйымына тікелей ұсынылады;
  5. шет тілін меңгергенін растайтын сертификат (бар болған жағдайда):
    ағылшын тілін меңгеру бойынша: IELTS Academic – кемінде 5,0;
    TOEFL IBT – кемінде 60;
  6. еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
  7. ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (болған жағдайда).

Ескерту. 3), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар түпнұсқада және көшірмеде ұсынылады, салыстырылғаннан кейін түпнұсқалары қайтарылады.                                       Түсуші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда Қабылдау комиссиясы құжаттарды қабылдаудан бас тартады.                                                                                                 51. Құжаттар қабылданғаннан кейін 28 тамызға/10 қаңтарға дейін Академияға магистранттар қатарына қабылдау туралы Ректордың бұйрығы шығарылады.

                                                                          

 

3 – қосымша

КТ бейіндік пәндері көрсетілген магистратураның ББТ

 

ББТ атауы

Бейіндік пәндер

1 бейіндік пән

2 бейіндік пән

М105– Авиациялық техника және технологиялар

Ұшу аппараттарының құрылымы

Авиациялық техниканың теориялық негіздері

М106 – Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану

Ұшу аппараттарының құрылымы

Ұшу қауіпсіздігі  және авиациялық оқиғаларды тексеру

М151- Көлік қызметтері

Көлік түрлерінің өзара әрекеттесуі

Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

 

4-қосымша

Қазақ немесе орыс тілінде оқытатын ғылыми-педагогикалық магистратураға КТ арналған 150 балдық бағалау жүйесінің шкаласы

 

Тест түрі

Тапсырмалар формасы

Тапсыру тілі

Тесттер саны

Жалпы балл

Шекті балл

Шет тілі бойынша тест

Тыңдалым

Лексика-грамматикалық тест

Оқылым

Ағылшан / Неміс / Француз

50

50

25

Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест

Бір дұрыс жауапты таңдау

Казақ / орыс

30

30

7

ББТ бейіні бойынша тест

Бірінші бейінді пән бойынша

Казақ / орыс

30

30

7

Екінші бейінді пән бойынша

Казақ / орыс

20

40

7

Барлығы

130

150

75

5-қосымша

Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 70 балдық бағалау жүйесінің шкаласы

 

Тест түрі

Тапсырмалар формасы

Тапсыру тілі

Тесттер саны

Жалпы балл

Шекті балл

Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест

Бірінші бейінді пән бойынша

Қазақ/Орыс

30

30

7

Екінші бейінді пән бойынша

Қазақ/Орыс

20

40

7

Барлығы

50

70

30

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы