Бакалавриатқа қабылдау ережелері

«Азаматтық Авиация Академиясы»  АҚ-да

2024-25 оқу жылына

оқуға қабылдау қағидалары                                                                                                                

 

1 - тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

  1. Осы Академияға қабылдау қағидалары "Нормативтік құжаттар мен сілтемелер" бөлімінде көрсетілген құжаттарға сәйкес әзірленді және AGAD-19-09 Академиялық саясатында сипатталған Академияға қабылдау саясатын жүзеге асыру болып табылады және оқуға қабылдау ережелерін егжей-тегжейлі сипаттайды.
  2. Академияға түсетін тұлғаларды қабылдау РБ, ЖБ қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы мен білім беру грантын орналастыру, сондай-ақ білім алушының өз қаражаты және өзге де көздер есебінен оқу ақысын төлеу арқылы жүзеге асырылады.
  3. Академияда Ректордың бұйрығымен ҚК құрылады, ҚК жауапты хатшысы тағайындалады. ҚК мүшелерінің құрамы, құқықтары мен міндеттері Академияның ҚК туралы ережесімен реттеледі.

 

      2 - тарау. БАКАЛАВРИАТҚА ҚАБЫЛДАУ

1-параграф. Бакалавриатқа қабылдауға қойылатын жалпы талаптар

  1. Академияға жоғары білім бағдарламалары бойынша оқуға жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар қабылданады.
  2. Академия келесі ББ бойынша бакалаврларды дайындайды:

 

Дайындау бағыты

ББТ атауы

ББ атауы

6В071 – Инженерия және инженерлік іс

В067 – Әуе көлігі және технологиялар

Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды техникалық пайдалану

Ұшу аппараттарының авионика жүйелерін техникалық пайдалану

Әуежайлардың жердегі радиоэлектрондық жабдықтарына қызмет көрсету

Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Әуежай қызметін ұйымдастыру

Авиациядағы көлік процестерінің технологиясы

В167 – Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану

Азаматтық ұшақтарды ұшуда пайдалану (ұшқыш)

Азаматтық тікұшақтарды ұшуда пайдалану (ұшқыш)

Әуе қозғалысына қызмет көрсету және ұшуды аэронавигациялық қамтамасыз ету

6В113 – Көлік қызметтері

В095 – Көлік қызметтері

Авиациялық тасымалдауды ұйымдастыру

Көліктегі логистика

 

  1. РБ, ЖБ қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша:

1) В167 «Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану» ББТ бойынша - кемінде 85 балл;

2) В067 «Әуе көлігі және технологиялары" ББТ бойынша - кемінде 65 балл;

3) В095 «Көлік қызметтері» ББТ бойынша - кемінде 65 балл алған тұлғалар жіберіледі.

Бұл ретте ҰБТ-ның Қазақстан тарихы және екі бейіндік пәндері бойынша және (немесе) шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл, ал Оқу сауаттылығы мен Математикалық сауаттылықтан кемінде 3 балл алу қажет.

7. Академияға ақылы оқуға түсу үшін, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша:

1) В167 "Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану" ББТ - кемінде 65 балл;

2) В067 "Әуе көлігі және технологиялары" ББТ - кемінде 60 балл;

3) В095 "Көлік қызметтері" ББТ - кемінде 60 балл алған адамдар жіберіледі.

Бұл ретте ҰБТ-ның Қазақстан тарихы және екі бейіндік пәндері бойынша және (немесе) шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл, ал Оқу сауаттылығы мен Математикалық сауаттылықтан кемінде 3 балл алу қажет.

Оқуға түсуші Академияға белгіленген өту шекті балынан өткен жағдайда қабылданады.

8. Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға РБ немесе ЖБ қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде ҰБТ-ның әрбір пәні бойынша кемінде 5 балл алған адамдар жіберіледі.

9. РБ немесе ЖБ қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа ҰБТ-ны электрондық форматта өту кезінде оқуға түсуші 6, 8 - тармақтарда көрсетілген қажетті балл саны бар ҰБТ-ның екі нәтижесінің бірімен қатысады.

10. Бұл ретте осы 6,8-тармақтарда көрсетілген талаптар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға қолданылмайды.

11. Техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар тұлғаларды қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша ақылы оқуға түсушілерді қабылдауды Академияның ҚК ҰБТ нәтижесі бойынша кемінде 25 балл немесе әңгімелесу арқылы жүзеге асырады. Туыстық топтардың тізбесін ҚР ҒЖБМ бекітеді.

12. ААА-ға ақылы негізде қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін ББ бойынша жоғары білімі бар адамдарды қабылдауды әңгімелесу нәтижелері бойынша Академияның қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

13. Жалпы орта білімі бар, мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарды ақылы негізде Академияға оқуға қабылдау күнтізбелік жыл ішінде Академияның ҚК өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін екі жыл ішінде жүзеге асырылады. Бұл ретте мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарды қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

14. Мерзімді әскери қызмет өткерген, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін екі жыл ішінде күнтізбелік жыл ішінде Академияның ҚК өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша оқудың қысқартылған мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша ақылы негізде оқуға қабылданады. Бұл ретте мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарды қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

15. Шетел азаматтарын қабылдау:

1) білім беру гранты негізінде бөлінген квота бойынша мемлекетаралық келісімдер негізінде құрылған халықаралық ЖЖОКБҰ-ға Академияның ҚК жүзеге асырады;

2) Академияда ақылы негізде оқуға күнтізбелік жыл ішінде Академияның ҚК өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

16. Әңгімелесу өткізу үшін Академияда комиссия құрылады, оның құрамы Академия Ректорының бұйрығымен бекітіледі. Әңгімелесу кестесін ҚК қалыптастырады және Ректор бекітеді. Әңгімелесу нәтижесі әрбір талапкерге жеке хаттамамен ресімделеді, ол талапкердің жеке ісіне тігіледі.

17. В167 «Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану» ББТ түсушілерден РБ немесе ЖБ қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін және (немесе) ақылы оқуға құжаттарды қабылдау "ҚР АА-да медициналық куәландыру және тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы 324 бұйрығына сәйкес Академияда ұшқыштар мен авиадиспетчерлерге оқуға денсаулық жағдайы жарамдылығы бойынша АМО-да медициналық куәландырудан міндетті түрде өтіп тиісті медициналық сертификатты ұсынған кезде жүзеге асырылады.

18. SAT (ЭсЭйТи – САТ), ACT (ЭйСиТи), IB (АйБи), A Level (Э-Левел), TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ), TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), TOEFL PBT (ТОЙФЛ ПИБИТИ), IELTS (АЙЛТС) халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар тұлғалар балдарды ауыстыру шкаласына сәйкес білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысады және (немесе) жоғары оқу орындарына ақылы бөлімге қабылданады.

19. ҰБТ түсушілердің қалауы бойынша қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде бес пән бойынша өткізіледі:

1) оқу сауаттылығы - оқыту тілі;

2) Қазақстан тарихы;

3) математикалық сауаттылық;

4) білім беру бағдарламасына байланысты екі бейіндік пән (1-қосымша).

       20. Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған ББ бойынша ұқсас бағыттар бойынша оқуға түсушілер үшін ҰБТ екі пән бойынша өткізіледі: жалпы кәсіптік пән; арнайы пән (2-қосымша).                                   

21. РБ қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтініштер 13-20 шілде аралығында қабылданады.

Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін өтініште оқуға түсуші өзі таңдаған жоғары ББТ және ЖЖОКБҰ-ны көрсетеді. Бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда оқуға түсуші төрт ББТ-ға дейін көрсете алады.

22. Республикалық комиссияның шешімі негізінде білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығы шығарылады және оқуға түсушілерге жоғары білімнің білім беру грантын беру туралы куәлік беріледі. Жоғары білімнің білім беру гранты иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Жоғары білімнің білім беру грантын иеленуші оқуға қабылданғанға дейін бас тартқан жағдайда, жоғары білімнің білім беру грантын беру туралы куәлік пен талапкердің өтініші білім беру саласындағы уәкілетті органға 15 қыркүйекке дейін беріледі.

Жоғары білімнің білім беру грантын беру туралы куәлік қайтарылмаған жағдайда Академияның ҚК және білім беру грантынан бас тартқан тұлғаның деректерін көрсете отырып, оның күшін жою туралы акті жасайды және Академияның мөрімен бекітілген актіні білім беру саласындағы уәкілетті органға тапсырады.

 

2 - параграф. Бакалавриатқа оқуға қабылдау тәртібі

23. Академияға қабылдау үшін оқуға түсушілер келесі құжаттар тізімін ұсынады:

1) Академия Ректорының атына еркін нысанда жазылған өтініш;

2) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);

3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

4) 3 x 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;

5) 075-У нысанындағы медициналық анықтама (+ флюорография суреті).  В167 "Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану" ББТ үшін - психологиялық тест нәтижелері бар оқуға жарамдылығы тұрғысынан медициналық сертификат;

6) ҰБТ сертификаты;

7) Білім беру грантын беру туралы электрондық куәлік (бар болса);

8) артықшылық құқық берілгенін және квотаны растайтын құжаттар (бар болса);

9) Мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтар үшін:

а) әскери билеттің көшірмесі;

б) мерзімді әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтама (ХҚКО-дан немесе E-GOV ақпараттық жүйесі арқылы алынған).

Көрсетілетін қызметті алушылар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары басым құқық пен квота беруді растайтын құжаттарды қосымша ұсынады

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көзделген құжаттардың бірін қосымша тапсырады.

24. Шет тіліндегі құжаттар нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге ұсынылады.

25. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар оқуға түскеннен кейін 1 (бірінші) академиялық оқу кезеңі ішінде ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен тану рәсімінен өтеді.

26. Мемлекеттік грант негізінде оқуға түсетін ҚР азаматтары ҚР Үкіметі айқындайтын тәртіппен кемінде 3 (үш) жыл жұмыспен өтеу туралы шарт жасасады.

27. Оқуға түсушілерді Академия студенттері қатарына қабылдауды ҚК Ректордың бұйрығымен қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде оқыту үшін күнтізбелік жылдың 20 маусым мен 25 тамыз аралығында жүргізеді.

28. Академияға қабылдау жоғары ББ мен тіл бөлімдері бойынша бөлек жүргізіледі.

29. Оқуға түсуші екінші деңгейдегі банктер беретін білім беру кредитін ресімдеген жағдайда, оқуға түсуші құжаттардың қарауда болғаны туралы банктен тиісті анықтаманы ұсынған кезде Академия студенттерінің қатарына қабылданады. Бұл ретте оған білім беру қызметін көрсету шартында белгіленген және азаматты оқуға қабылдауға дейін төленуі тиіс соманы төлеу мерзімі білім беру кредитін ресімдеу кезеңіне, бірақ банктен анықтама алған кезден бастап 4 (төрт) аптадан асырылмай ұзартылады.

30. Академия қабылдау аяқталғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға студенттерді ЖОО-ға қабылдау бойынша қорытынды есепті ұсынады.

 

 

1- қосымша

Бакалавриат бойынша ҰБТ бейіндік пәндері

 

ББ

Бейіндік пәндер

  1.  

Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды техникалық пайдалану

математика

физика

  1.  

Ұшу аппараттарының авионика жүйелерін техникалық пайдалану

математика

физика

  1.  

Әуежайлардың жердегі радиоэлектрондық жабдықтарына қызмет көрсету

математика

физика

  1.  

Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

математика

физика

  1.  

Әуежай қызметін ұйымдастыру

математика

физика

  1.  

Авиациядағы көлік процестерінің технологиясы

математика

физика

  1.  

Азаматтық ұшақтарды ұшуда пайдалану (ұшқыш)

математика

физика

  1.  

Азаматтық тікұшақтарды ұшуда пайдалану (ұшқыш)

математика

физика

  1.  

Әуе қозғалысына қызмет көрсету және ұшуды аэронавигациялық қамтамасыз ету

математика

физика

  1.  

Авиациялық тасымалдауды ұйымдастыру

математика

география

  1.  

Көліктегі логистика

математика

география

 

2- қосымша

ТжКБ базасында қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін

ББ бойынша бейінді пәндер

ББ

Жалпы кәсіби пән

Арнайы пән

  1.  

Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды техникалық пайдалану

Физика

Авиациялық қауіпсіздік

  1.  

Ұшу аппараттарының авионика жүйелерін техникалық пайдалану

Физика

Авиациялық қауіпсіздік

  1.  

Әуежайлардың жердегі радиоэлектрондық жабдықтарына қызмет көрсету

Физика

Авиациялық қауіпсіздік

  1.  

Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Физика

Авиациялық қауіпсіздік

  1.  

Әуежай қызметін ұйымдастыру

Физика

Авиациялық қауіпсіздік

  1.  

Авиациядағы көлік процестерінің технологиясы

Физика

Авиациялық қауіпсіздік

  1.  

Авиациялық тасымалдауды ұйымдастыру

Физика

Еңбекті қорғау

  1.  

Көліктегі логистика

Физика

Еңбекті қорғау

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы