Ректордың талапкерлерге үндеуі

Құрметті талапкерлер!

Азаматтық авиация академиясының сайтына қош келдіңіздер! Егер сіз әлі ойланып жүрсеңіз, онда сіздерге айтарым,біздің ЖОО ұсынатын мамандықтардың бірін таңдау:ұшқыш, авиаинженер, авиациялық тасымалдау жөніндегі маман немесе авиадиспетчер болса да,- сіздің алдыңызда бірегей келешегі мен кең мүмкіндіктерге жол ашады.

Қазіргі таңда бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда да, азаматтық авиация– бұл ең озық техникалық және технологиялық шешімдер шоғырланған серпінді дамып келе жатқан сала.Сондықтан авиация, сөзсіз, көліктің элиталық түрі болып саналады және,басқа жерлерге қарағанда,еңбек төлемі едәуір жоғары болып тұрғаны да маңызды.

Мына нәрсеге де назар аударуды сұраймын: бүкіл әлемдеазаматтық авиация халықаралық авиация ұйымдары бекіткен бірыңғай нормаларды, стандартар мен ережелердіқолданады.Бұл дегеніміз, осы талаптарды меңгеріп, оларды іс жүзінде дұрыс пайдалана білсеңіз, әлемнің кез келген авиакәсіпорындарында жұмыс істей аласыз.

Бұған сізді Академияның тәжірибелі және біліктілігіжоғарыпрофессорлары, оқытушылары мен нұсқаушылары оқытып үйретеді.Айтпақшы, жақын арада бізде барлық пәндер тек ағылшын тілінде оқытылатын болады.

Осыған қоса, айтарым:Азаматтық авиация академиясында табысты оқу мен өмір сүру үшін (егер сіз басқа қаладан келген болсаңыз)барлық жағдай жасалған, студенттеріміздің бос уақыты әр түрлі және қызықты өтеді.

Қымбаттыдостарым,сіздерге арналған осы сөздерім, Азаматтық авиация академиясының пайдасына түпкілікті таңдау жасауға көмектеседі деп үміттенемін.

 

Құрметпен, "Азаматтық Авиация Академиясы" ректоры - Сейдахметов Бекен Қанелұлы.

© 1995 - 2022 Академия Гражданской Авиации