Комплаенс-офицер сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс үшін жауапты маман болып табылады және оқу орнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жалпы сипаттағы ішкі сыбайлас жемқорлыққа қарсы құжаттарды әзірлеу және қабылдау жөніндегі жұмысты үйлестіруге шақырылады.
Комплаенс-офицер қажетті іс-әрекеттер бойынша ақпараттандырылған шешімдер қабылдау және сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюға бағытталған шараларды айқындау мақсатында Академия қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдауды жүзеге асырады.
Комплаенс-офицер қызметінің негізгі мақсаты Академияның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс міндеттері:
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеуші талаптардың және үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету;
• заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
• сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және қайта бағалау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
• заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру.
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі бағдарламаны, стандарттар мен саясатты әзірлеу;
• сәйкестік бағыттарын бақылау.