«Азаматтық авиация академиясы» АҚ
2026 оқу жылына профессор-оқытушылар құрамының бос
лауазымдарына орналасу конкурсын жариялайды
| Лауазым | Бірлік саны | Пәннің атауы |
|---|---|---|
| Кафедра меңгерушісі | 1 |
* «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасына үміткерлерге IELTS 7,0-ден төмен емес (Advanced)деңгейіне сәйкес келетін ағылшын тілін меңгеру деңгейі сертификатының болуы қажет;
2. Үміткерлерге артықшылық беріледі:
1) Scopus немесе Web of Science-те Хирш индексі бар;
2) ғылыми дәрежесі немесе атағы бар;
3)IELTS 5,5-тен төмен емес (Upper-Intermediate) деңгейіне сәйкес келетін ағылшын тілін меңгеру деңгейінің сертификаттары бар;
4) ҚР ҰӘҚ гранттық қаржыландыру шеңберінде орындалатын ғылыми-зерттеу жобаларына, іргелі және қолданбалы зерттеулерге қатысушыларға, әртүрлі халықаралық қорларға және т. б.
Құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 13 қарашаға дейін Ахметова 44, ADM 16 кабинет (Персоналды басқару орталығы) мекенжайы бойынша және/немесе электрондық мекенжайы бойынша жүргізіледі: hr@agakaz.kz 2026 жылғы 13 қарашада сағат 23.59-дан кешіктірмей.
«Азаматтық авиация академиясы» АҚ профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу орны Алматы қаласы, Закарпатская көшесі, 44.
1. 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
2. 2-қосымшаға сәйкес түйіндеме; Конкурсқа қатысушы өзінің білімі, кәсіби деңгейі (алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) туралы қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
3. Өмірбаян (еркін нысанда);
4. Жеке куәліктің көшірмесі;
5. Жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың, ғылыми атақ туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері. Шет тіліндегі дипломдар үшін мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасын қоса тіркеу міндетті;
6. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және оларды салыстыру үшін түпнұсқалары (соңғы 5 жылда);
7. Ғылыми жарияланымдардың, жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (соңғы бес жылда, растайтын құжаттар мен көшірмелерді қоса тіркеумен);
8. Кафедраның даярлау бағыты шеңберінде оқытылатын пәндер (модульдер) бойынша әзірленген курстар туралы ақпарат (еркін нысанда) (соңғы бес жылда);
9. Үміткер жетекші немесе орындаушы болған ғылыми гранттар туралы анықтама (бар болса) (соңғы бес жылда);
10. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама;
11. Адамның сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама;
12. Конкурсқа қатысушының наркологиялық және психоневрологиялық ұйымдарда есепте тұрмайтыны туралы ХҚКО анықтамалары.
13. № 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама. «Азаматтық авиация академиясы» АҚ-да жұмыс істейтін үміткерлер 5, 10, 11, 12-тармақтар бойынша құжаттарды ұсынудан босатылады.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін кафедралар бойынша үміткерлердің тізімі қалыптастырылады және конкурстық комиссияның қарау кестесі жасалады. Үміткер (Академияның ПОҚ қатарындағы үміткерлерді қоспағанда) өзі оқытатын пәннің презентациясын (дәрістің және/немесе практикалық сабақтың фрагментін) өткізеді.
Өтініш пен құжаттарды берудің белгіленген мерзімдері бұзылған жағдайда үміткер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Қосымша: