Студенттер үйінен орын алу үшін бірнеше қарапайым қадамды орындау қажет.
Өтініш берілгеннен кейін студенттер үйіне орналастыру рәсімі келесі тәртіппен жүзеге асырылады.
Platonus ақпараттық жүйесі арқылы.
Өтінішті Академияның Тұрғын үй комиссиясы қарайды.
Оң шешім қабылданған жағдайда Platonus жүйесінде орын берілгенін растайтын жасыл белгі пайда болады.
Студенттер үйіне орналасуға жолдаманы алу.
Тұру ақысы айына 10 АЕК мөлшерінде төленеді.
Студенттер үйінің ішкі тәртіп қағидаларымен танысу.
Тұру туралы шартқа қол қою.
Студенттер үйіне орналасу.






