Бейсембаева Бакытгуль Сагымжановна
Лауазымы: Білім беру бағдарламаларының жетекшісі
Ғылыми дәрежесі: техника ғылымдарының магистрі
Байланыс: +7 778 788 2872 | b.beisembayeva@agakaz.kz
Білім беру бағдарламасының төлқұжаты
|
Коды және атауы |
6B07123 «Авиациялық инжиниринг» |
|
Оқу мерзімі |
4 жыл |
|
Кредит көлемі |
240 ECTS / 7200 сағат |
|
Оқыту тілдері |
Қазақ, орыс, ағылшын |
|
Ағылшын тілінің деңгейі |
A2 |
Білім беру бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері
Ұшу қауіпсіздігі талаптарын, авиация саласының нормативтік-техникалық стандарттарын және орнықты даму қағидаттарын сақтай отырып, авиациялық техника мен жүйелерді жобалауға, талдауға және техникалық сүйемелдеуге қабілетті жоғары іргелі инженерлік және кәсіби біліктілігі бар авиациялық инжиниринг мамандарын даярлау.
Міндеттері:
1. Авиациялық техника мен жүйелердің жұмыс істеуінің физикалық процестері мен принциптерін түсінуді қамтамасыз ететін жаратылыстану, математикалық және жалпы техникалық пәндерді зерделеу негізінде білім алушылардың іргелі инженерлік даярлығын қалыптастыру.
2. Нормативтік-техникалық құжаттаманы, қазіргі заманғы инженерлік әдістер мен цифрлық құралдарды пайдалана отырып, авиациялық техниканың конструкциясы, технологиялары және оларды пайдалану саласындағы жалпы кәсіптік және кәсіптік құзыреттерді дамыту.
3. Авиациялық техниканың техникалық жай-күйін талдауды, сенімділікті бағалауды, авиациялық қауіпсіздік пен еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз етуді қоса алғанда, инженерлік және өндірістік-технологиялық міндеттерді шешуге дайындау.
4. Авиациялық техникалық шешімдерді әзірлеуге, сүйемелдеуге және жетілдіруге қатысу үшін қажетті инженерлік ойлау, талдау және жобалау қызметі дағдыларын қалыптастыру.
5. Көптілді және пәнаралық ортада кәсіби өзара іс-қимылды, сондай-ақ үздіксіз кәсіби дамуға дайындықты қамтамасыз ететін коммуникативтік, цифрлық және әлеуметтік-жеке құзыреттерді дамыту.
|
Құжаттар |
Білім беру бағдарламасы түлегінің моделі 6В07123 АИ_1792612248.pdf
Элективті пәндер каталогы 6В07123 АИ_1792612159.pdf
ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ (MINOR) 6В07123 АИ_1792604021.pdf