Бүгін 02.02.2026 Азаматтық авиация академиясында маңызды әрі ерекше оқиға өтті - Кубаев Мұхит Мұхатовичтің есімі берілген аудиторияның салтанатты түрде ашылуы. Бұл шешім оның азаматтық авиацияның дамуына қосқан көп жылдық еңбегі мен кәсіби үлесін мойындаудың айқын көрінісі болды.
Салтанатты шараға Мұхит Мұхатовичтің әріптестері, достары және туған-туыстары қатысты. Олардың жүрекжарды лебіздері мен жылы естеліктері оның жоғары кәсіби беделін, адамгершілік қасиеттерін және бірнеше буын мамандарының қалыптасуына қосқан үлесін айқындады.
Аудиторияға оның есімінің берілуі -құрмет қана емес, сонымен қатар осы қабырғаларда білім алатын студенттер үшін үлгі. Олар Мұхит Мұхатовичтің өмір жолынан, кәсібіне деген адалдығынан және үздікке ұмтылған талпынысынан шабыт алады.
Кубаев Мұхит Мұхатовичтің есімі Азаматтық авиация академиясының тарихында және оны жақын таныған жандардың жүрегінде мәңгі сақталары сөзсіз.