6В07122 Авиациялық тасымалдау технологиясы

БББ басшысы

Гармаш Ольга Валерьевна

Лауазымы: Білім беру бағдарламаларының жетекшісі

Дәрежесі: Техникалық ғылымдар кандидаты, АГА доценті

Байланыс ақпараты: +7 777 087 3619, o.garmash@agakaz.kz

БББ төлқұжаты

Білім беру бағдарламасының коды мен атауы: 6B07122 – Авиациялық тасымалдау технологиясы
  • Оқу мерзімі: 3 жыл
  • ECTS (кредиттер): 240 / 7200
  • Оқыту тілі: қазақ, орыс, ағылшын
  • Ағылшын тілінің деңгейі: A2

Білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндеттері

Білім беру бағдарламасының мақсаты – «Авиациялық тасымалдау технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврларды даярлау, яғни әуе көлігінде жолаушыларды, багажды, жүктер мен поштаны тасымалдауды ұйымдастыру және технологиясы саласында заманауи кәсіби білімге, тәжірибелік дағдыларға және құзыреттерге ие, көлік-коммуникациялық салада тиімді жұмыс істей алатын, авиация саласының талаптары мен халықаралық стандарттарға жауап беретін, жоғары әлеуметтік жауапкершілігі бар және кәсіби дамуға дайын мамандарды қалыптастыру.

Білім беру бағдарламасының міндеттері

  1. Үздіксіз кәсіби өсуге және өзін-өзі жетілдіруге қабілетті, авиациялық көлік саласында гуманитарлық, техникалық және жаратылыстану-ғылыми білімдердің берік негізіне ие тұлғаны қалыптастыру.
  2. Кәсіби тәжірибені сыни тұрғыда талдау және қайта пайымдау, авиация саласындағы өзгерістерге бейімделу, болашақ мамандықтың әлеуметтік маңызын түсіну және кәсіби қызметке жоғары уәждеме таныту қабілетін дамыту.
  3. Авиациялық тасымалдау технологиясы мен ұйымдастыруы саласында, соның ішінде жолаушыларды, багажды, жүктер мен поштаны әуе көлігімен тасымалдау бойынша кәсіби құзыреттерді қалыптастыру.
  4. Әуе көлігінде жолаушыларға, багажға, жүктер мен поштаға қызмет көрсету технологияларын талдау және жетілдіру, инновациялық технологияларды қабылдау және енгізу қабілеттерін дамыту.
  5. Түлектердің әуежайлар мен авиакомпанияларда өндірістік практикадан және тағылымдамадан өтуге дайын болуын қалыптастыру, тасымалдау процесін ұйымдастыруды талдау және авиациялық қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
  6. Әуежайлар мен авиакомпаниялар қызметіндегі авиациялық тасымалдауларға техникалық-экономикалық және технологиялық талдау жүргізу, ұшу қауіпсіздігі мен әуе қозғалысының тұрақтылығын талдау және алынған нәтижелерді тәжірибеде қолдану қабілетін қалыптастыру.
  7. Ұлттық және халықаралық авиациялық талаптар мен стандарттарды сақтай отырып, авиациялық тасымалдауларды үнемді, тиімді және қауіпсіз ұйымдастыруға дайын түлектерді қалыптастыру.

Білім беру бағдарламасының ерекшеліктері мен артықшылықтары

  1. Жолаушыларға қызмет көрсету және авиациялық жүктерді өңдеу саласында IATA халықаралық сертификаттарын алу мүмкіндігі.
  2. Авиакомпаниялар мен әуежайлардың талаптарын ескере отырып, тәжірибеге бағытталған оқыту.
  3. Авиация саласының заманауи даму үрдістері мен халықаралық стандарттарға сәйкестігі.

Серіктес жоғары оқу орындары

  1. Әзербайжан ұлттық авиация академиясы, Баку қ.

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы