7M11304 – Көліктегі логистика (ғылыми-педагогикалық магистратура)

БББ басшысы

Гармаш Ольга Валерьевна

Лауазымы: Білім беру бағдарламаларының жетекшісі

Дәрежесі: Техникалық ғылымдар кандидаты, АГА доценті

Байланыс ақпараты: +7 777 087 3619, o.garmash@agakaz.kz

БББ төлқұжаты

Білім беру бағдарламасының коды мен атауы: 7M11304 – Көліктегі логистика (ғылыми-педагогикалық магистратура)
  • Оқу мерзімі: 2 жыл
  • ECTS (кредиттер): 120 / 3600
  • Оқыту тілі: қазақ, орыс, ағылшын
  • Ағылшын тілінің деңгейі: A2

Білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндеттері

7M11304 «Көліктегі логистика» ғылыми-педагогикалық магистратурасының мақсаты – көлік логистикасы саласында ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызмет жүргізуге қабілетті, заманауи көлік саласының даму тенденцияларын ескере білетін, жоғары білікті кадрларды даярлай алатын мамандарды дайындау.
Бағдарлама магистранттарға ғылыми зерттеу, оқыту және әдістемелік жұмыс жүргізу үшін қажет құзыреттерді қалыптастыруға, сондай-ақ көліктік-логистикалық процестерді ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін әзірлеуге және болашақ мамандарды даярлауға бағытталған.

Білім беру бағдарламасының міндеттері

  1. Өзін-өзі жетілдіруге және кәсіби дамуға қабілетті, әртүрлі гуманитарлық, техникалық және жаратылыстану-ғылыми білімдерге және қызығушылықтарға ие тұлғаны қалыптастыру.
  2. Жиналған тәжірибені сыни тұрғыда қайта ойлау, қажет болса кәсіби қызметінің профилін өзгерту, болашақ мамандықтың әлеуметтік маңыздылығын түсіну және кәсіби қызметке жоғары мотивацияны дамыту қабілетін қалыптастыру.
  3. Көліктік және логистикалық процестерді техникалық-экономикалық және технологиялық талдауды жүргізуге, тасымалдау қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалауға, нәтижелерді практикада қолдануға, өзін-өзі дамытуға, біліктілігін арттыруға және кәсіби шеберлігін жетілдіруге дайын болуды қалыптастыру.

Білім беру бағдарламасының ерекшеліктері мен артықшылықтары

  1. ICAO және IATA халықаралық сертификаттарын алу мүмкіндігі.
  2. Көліктегі логистика саласында ғылыми-педагогикалық қызметке дайын магистрлерді даярлау.
  3. Зерттеу және әдістемелік жұмысқа бағытталған тәжірибеге негізделген оқыту.

Серіктес жоғары оқу орындары

  1. Б.П. Бугаев атындағы Азаматтық авиацияның Ульяновск институты, Ульяновск, Ресей.
  2. Әзербайжан ұлттық авиация академиясы, Баку, Әзербайжан.
  3. TSI Көлік және байланыс институты, Рига, Латвия.

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы