Диспут «Инженерлік құзыреттерді қалыптастыру және ЖИ»

Азаматтық авиация академиясында жасанды интеллект (ЖИ) пен робототехника бойынша инновациялық жобалар аясында инженерлік құзыреттерді қалыптастыру тақырыбына арналған пікірталас өтті. Іс-шараға ҰҰА-24-2-4 топтарының студенттері, Академияның оқытушылары мен сарапшылары қатысты.

Қазіргі кезеңде ЖИ мен робототехниканың дамуы инженерлерге жаңа талаптар қояды. Бүгінде маманға тек базалық техникалық білім жеткіліксіз: ол бағдарламалау дағдыларын меңгеруі, машиналық оқыту алгоритмдерін түсінуі, жаңа технологияларды енгізудің этикалық қырларын білуі және пәнаралық командаларда жұмыс істей алуы қажет.

Диспутты ұйымдастыру студенттерге осы мәселелерді тереңірек зерттеп қана қоймай, қазіргі инженерге қажет маңызды soft skills дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.

Диспут аясында дамытылған негізгі құзыреттер:

  • Сыни ойлау — күрделі техникалық және әлеуметтік мәселелерді талдау қабілеті.
  • Дәлелдеу дағдылары — өз көзқарасын анық әрі сенімді қорғау қабілеті.
  • Коммуникациялық қабілеттер — пікірталасты тиімді жүргізу және оппонентті тыңдай білу.
  • Тақырыпты терең түсіну — ЖИ мен робототехниканың техникалық әрі этикалық қырларын зерттеу.
  • Топта жұмыс істеу — ынтымақтастық пен түрлі пікірлерге құрметпен қарау.
  • Бейімделгіштік пен ойлау икемділігі — жаңа деректер негізінде көзқарасты өзгертуге дайын болу.
Фото 1
Фото 2

Инженерлік құзыреттерді қалыптастыру тек теориялық оқумен шектелмейді. Маңызды құралдардың бірі — студенттерді, оқытушыларды және индустриялық серіктестерді біріктіретін инновациялық жобалар.

Мұндай жобаларға студенттердің қатысуы:

  • шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға,
  • тұрақты командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыруға,
  • цифрлық дәуірдің практикалық құралдарын меңгеруге ықпал етеді.

Ерекше назар заманауи білім беру әдістеріне аударылды: зертханалық жұмыстар, хакатондар, цифрлық симуляторлар, сондай-ақ Академия мен индустрия арасындағы тығыз байланыс.

Диспут өткізу студенттердің жоғары белсенділігін және инженерлік тәжірибеде жасанды интеллектіні қолдану мәселелеріне деген қызығушылығын көрсетті. Қатысушылар авиацияның болашағы ЖИ мен робототехниканы енгізумен тікелей байланысты екенін және инженерлік құзыреттерді қалыптастыру кешенді сипатта болуы тиіс — академиялық дайындықты, практиканы және тұлғалық қасиеттерді дамытуды қамтуы қажет екенін атап өтті.

Азаматтық авиация академиясы уақыт талабына сай бола алатын ғана емес, цифрлық технологиялар дәуірінде көшбасшы бола білетін мамандарды даярлау үшін жағдай жасауды жалғастыру .

Фото 1

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы