КОНКУРСТЫҢ ҚҰЖАТТАМАСЫ

  1. Мүліктің толық атауы және орналасқан жері:

Алматы қаласы, Закарпат көшесі, 44/1  үй мекенжайында орналасқан «Азаматтық Авиация Академиясы» АҚ (бұдан әрі – Академия) Колледжі оқу корпусындағы № 1 қабат (Фойе), ауданы 18 шаршы метр алаң (бұдан әрі – Алаң).  

 

  1. Мүліктің сипаттамасы және нысаналы мақсаты:

Алматы қаласы, Закарпат көшесі, 44/1  үй мекенжайында орналасқан Академия Колледжесінің оқу корпусындағы № 1 қабат (Фойе) ауданы 18 шаршы метр алаң.  

 

3. Техникалық сипаттама:

Алматы қаласы, Закарпат көшесі, 44  үй мекенжайында орналасқан Академия Колледжісінің оқу корпусындағы № 1 қабат (Фойе) ауданы 18 шаршы метр алаң.  

Жалға берілетін Алаңда Жалға алушыға мынадай орналастыру мүмкіндігі беріледі:

1) «аралды» тіркегімен құру;

2) қажетті санитариялық нормаларға сай келетін ыстық және салқын сусындарды дайындау аймағы;

 3) сертификатталған дайын өнімді өткізу;

4) сертификатталған жартылай фабрикаттарды термо-қаптамада сату;

5) кондитерлік өнімдерді сату.

Жалға алушының жалдау шартында көзделген міндеттемелерге сәйкес жалдау мерзімі аяқталғанға дейін Алаңды дұрыс ұстауы тиіс.

Жалға алушы осы Алаңда орталық сумен жабдықтау және су бұру жоқ екендігімен келіседі.

 

4. Айына 1 шаршы метр алаңды жалға алу құны:

             Айына 1 шаршы метр алаңды жалға алу құны 4 АЕК.

             Ең жоғары бағамен және жөндеу жұмыстарын жүргізуге, Академияның тақырыптық бағдарламаларын, бейне файлдарын таратуға арналған телеаймақты жабдықтауға дайын Конкурстық өтінім жеңімпаз болып танылады.

 

 

5. Конкурстық өтінімді қабылдау мерзімі:

 Өтінімдер 2025 жылғы 14 қазан айынан бастап 2025 жылғы 20 қазан  дейін Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Закарпат көшесі, 44 үй, Академия ғимараты, № ADM 07 кабинеті мекенжайы бойынша жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.30 минутқа дейін қабылданады.

 

 

6. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар (оның ішінде біліктілік):

1) Құқық қабілеттілігі болуы қажет;

 2) меншікте немесе шарттың қолданылу кезеңіне жалдау шартында материалдық және материалдық емес активтердің болуы (егер бұл қызмет көрсету жөніндегі жұмыстардың технологиясына сәйкес талап етілсе);

3) техникалық ерекшелікте көрсетілген талаптарға сәйкестігі;

4) конкурс өткізу сәтінде төлемге қабілетті болып табылады, сондай-ақ оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмайды және таратылуға жатпайды;

5) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде және борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тұрмайды.

 

7. Конкурстық өтінімдерді ұсыну тәртібі

7.1. Конкурстық өтінімді конкурсқа қатысушы немесе сенімхат бойынша оның мүдделерін білдіретін тұлға мөрленген конвертте қағаз жеткізгіште ұсынады. Қағаз нұсқасы нөмірленген беттермен тігілуге тиіс, соңғы бет конкурсқа қатысушының қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады. Құжаттарда жолдар арасында кірістіруге жол берілмейді.

7.2 Конкурсқа қатысушы мөрленген конверттің бет жағына:

1) лоттың нөмірі мен атауын;

2) конкурсқа қатысушының толық атауы және пошталық мекенжайын;

3) толық атауы көрсетеді.

Конкурсқа қатысушы конкурстық өтінімді дайындауға байланысты барлық шығындарды өз бетінше көтереді.

 

 8. Конкурсқа  қатысушылардың конкурстық өтінімдерін ашу, қарау, бағалау және салыстыру рәсімінің сипаттамасы:

8.1. Конкурстық өтінімдерді беру мерзімі 5 (бес) күнтізбелік күнді құрайды және конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен басталады.

8.2. Конкурстық өтінімдерді қабылдау мен тіркеуді комиссия хатшысы жүзеге асырады. Конкурстық өтінімдердің сақталуын комиссия хатшысы қамтамасыз етеді.

8.3. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау конкурсқа қатысушылардың өтінімдерді тіркеу журналына өтінімдерді ұсынуына қарай (тігілген, нөмірленген, комиссия хатшысы қол қойған және мөрмен бекітілген) хронологиялық тәртіппен енгізу жолымен жүзеге асырылады. Өтінімдерді тіркеу журналында өтінімнің келіп түскен күні мен уақыты тіркеледі.

8.4. Белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылған конкурстық өтінім ашылмайды және конкурсқа қатысушыға қайтарылады.

8.5. Конкурсқа  қатысушылар конкурстық  өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өздерінің конкурстық  өтінімдерін өзгертеді немесе кері қайтарып алады. Конкурстық өтінімді кері қайтарып алу еркін нысанда жазбаша өтініш түрінде ресімделеді.

8.6. Конкурстық өтінімдерін кері қайтарып алған конкурсқа   қатысушылар конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін конкурскқа  қатысуға өтінімді қайта береді. Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін конкурстық  өтінімдерге өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

8.7. Конкурсқа  қатысушы және оның үлестес тұлғасы байқауға бір лот бойынша қатыспайды.

8.8. Конкурстық  өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі мен конкурстық  өтінімдері бар конверттерді ашу процесінің басталуы арасындағы уақыт ұзақтығы - 2 (екі) сағаттан аспайды. Конкурстық   өтінімдері бар конверттерді ашу жөніндегі комиссияның отырысына өкілеттіктері сенімхатпен расталған конкурсқа  қатысушылар немесе олардың өкілдері қатысады.

8.9. Комиссия отырысы басталғанға дейін комиссия хатшысы конкурстық  өтінімдері бар конверттерді ашу рәсімін жүзеге асыру кезінде мүдделер ұсынуға конкурсқа  қатысушылар өкілдерінің құжаттамалық ресімделген өкілеттіктерін тексереді.

8.10. Конкурстық  өтінімі бар әрбір конвертті ашқан кезде комиссия конкурстық өтінімдегі құжаттардың тізбесін жариялайды. Конкурстық  өтінімді ашқан сәттен бастап комиссия конкурсқа  қатысушының ұсынылған конкурстық   өтінімін және оған қоса берілетін құжаттарды 3 (үш) жұмыс күні ішінде толықтығы мен дұрыстығына қарайды.

8.11. Ұсынылған құжаттар Академияның талаптарына сәйкес келген жағдайда Комиссия конкурсқа   қатысушыны конкурсқа  қатысуға жібереді.

8.12. Комиссия конкурсқа  қатысушының конкурстық өтінімін мынадай жағдайларда қабылдамайды және қайтарады:

1) конкурстық қатысушы Академияның талаптарына сәйкес келмейді;

2) конкурсқа қатысушының конкурстық өтінімі және оған қоса берілетін құжаттар Академияның талаптарына сәйкес келмесе;

3) Академия талаптарына сәйкестігі туралы дұрыс емес ақпарат беру фактісі анықталған;

4) Академия талаптарын бұза отырып, конкурстық  өтінім беру.

8.13. Академияның талаптарына қайшы келмейтін өзге де негіздер бойынша конкурсқа қатысуға жіберуден бас тартуға жол берілмейді.

8.14. Комиссия Хатшысы:

1) конкурстық  өтінімдері бар конверттерді ашудың тиісті хаттамасын ресімдейді;

2) Комиссия мүшелеріне қол қоюға конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасын жібереді.

8.15. Конкурстық өтінімдерді қарау мерзімі ішінде Комиссия төрағасы ұсынылған конкурстық өтінімдерді қарау және талқылау үшін комиссия отырыстарын шақырады.

8.16. Конкурсты  өткізу кезінде лот бойынша 1 (бір) жеңімпазды айқындауға жол берілмейді. Конкурстың жеңімпазы конкурстық баға ұсынысының ең жоғары бағасы негізінде конкурсқа  қатысушыны айқындайды.

8.17. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданды деп есептеледі. Комиссияның әрбір мүшесінің бір дауысы болады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

8.18. Комиссия мүшесінің ерекше пікір білдіруге мүмкіндігі бар, ол жазбаша түрде баяндалады және конкурс  қорытындылары туралы хаттамаға қоса беріледі.

8.19. Комиссия конкурс  қорытындыларын комиссия мүшелері мен комиссия хатшысы қол қоятын конкурс   қорытындылары туралы хаттаманы ресімдей отырып, конкурстық  өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде шығарады.

8.20. Конкурс қорытындысын шығару кезінде Комиссия конкурс жеңімпазынан басқа, ұсынысы конкурс  жеңімпазынан кейін неғұрлым қолайлы болған конкурсқа  қатысушыны айқындайды.

8.21. Академия конкурс  қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Академияның интернет-ресурсында конкурс  қорытындылары туралы қол қойылған хаттаманың мәтінін жариялайды.

8.22. Академия конкурс  қорытындылары туралы ақпарат жарияланған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде конкурс  жеңімпазымен үш жыл мерзімге тиісті шарт жасасады.

8.23. Конкурс жеңімпазы Академиямен шарт жасасудан бас тартқан кезде Комиссия конкурс жеңімпазынан кейін конкурстық ұсынысы неғұрлым қолайлы болып табылатын конкурсқа қатысушымен шарт жасасу туралы келіссөздерді бастайды.

8.24. Конкурстық ұсыныстары конкурс жеңімпазынан кейін Академиямен шарт жасасудан ең үздік деп танылған конкурсқа қатысушы бас тартқан жағдайда, конкурс өтпеді деп танылады.

8.25. Комиссия конкурсты өткізілмеген деп таниды:

1) конкурсқа қатысуға ұсынылған конкурстық өтінімдердің болмауы;

2) Егер конкурсқа қатысуға конкурсқа бірде-бір қатысушы жіберілмесе.

8.26. Егер комиссия конкурс өтпеді деп таныған жағдайда, комиссия конкурс өтпеді деп танылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей қайта конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды. Қайта конкурс Академияның ішкі құжаттарына сәйкес өткізіледі.

8.27. Егер конкурсқа жалғыз қатысушы Академияның талаптарына сәйкес келген жағдайда конкурсқа қатысушылардың 2 (екі) кем конкурстық өтінімдері берілсе, конкурс комиссияның шешімі бойынша қайталама конкурс өткізілді деп танылады.

 

 

9. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық өтінімдерін ашу күні мен уақыты.

 2025 жылғы 29 қазан күні сағат 18.00-де. Кабинет № ADM 07

 

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы