«Азаматтық авиация академиясы» АҚ төмендегі лоттар бойынша жалға алушыны айқындау конкурсын жариялайды:
• №1 лот — Алматы қаласы, Закарпатская көшесі, 44 мекенжайында орналасқан, ауданы 339,66 шаршы метр асхана үй-жайы.
• №2 лот — Алматы қаласы, Закарпатская көшесі, 44/1 мекенжайында орналасқан, «Азаматтық авиация академиясы» АҚ жанындағы Колледждің оқу корпусының 1-қабатындағы ауданы 18 шаршы метр фойе үй-жайы.
Конкурсты ұйымдастырушы
«Азаматтық авиация академиясы» АҚ (бұдан әрі — Академия, Конкурсты ұйымдастырушы).
Конкурсты өткізу шарттары мен тәртібі
Конкурсты өткізу шарттары мен тәртібі Академия Басқармасының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы шешімімен (№12 хаттама) бекітілген «Азаматтық авиация академиясы» АҚ мүлкін жалға беру тәртібі туралы ережемен және конкурстық құжаттамамен реттеледі.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінім нысаны Академияның сайтында орналастырылған.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар
Әлеуетті жалға алушы:
құқық қабілеттілігіне ие болуы;
техникалық ерекшелікте көрсетілген талаптарға сәйкес болуы;
конкурс өткізілген сәтте төлем қабілетті болуы тиіс. Оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмауы және ол таратылуға жатпауы тиіс;
мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде және Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде болмауы тиіс.
Жалға берілетін үй-жайлардың қысқаша сипаттамасы
№1 лот:
• Атауы: асхана үй-жайы;
• Ауданы: 339,66 шаршы метр;
• Мекенжайы: Алматы қаласы, Закарпатская көшесі, 44;
• Айлық жалдау ақысының бастапқы құны: 252 АЕК.
№2 лот:
• Атауы: үй-жай;
• Ауданы: 18 шаршы метр;
• Мекенжайы: Алматы қаласы, Закарпатская көшесі, 44/1, Академия жанындағы Колледждің оқу корпусы, 1-қабат, фойе;
• Айлық жалдау ақысының бастапқы құны: 94 АЕК.
Үй-жайларды жалға берудің мақсаты
5.1. Үй-жайларды Академия мен келушілердің мүддесі үшін тиімді пайдалану.
5.2. Жалға берілетін алаң мен ас ішетін аймақты Жалға берушімен келісілген тақырыптық дизайнға және бекітілген сметаға сәйкес жөндеу.
Жалға алушының өз қаражаты есебінен жүргізетін жөндеу жұмыстарының шарттары Жалға беруші мен Жалға алушы арасында жасалатын жеке шартта немесе қосымша келісімде айқындалады.
Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны
Конкурсқа қатысушылар ұсынған конверттерді ашу 2026 жылғы 5 қарашада сағат 09:00-де өткізіледі.
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Закарпатская көшесі, 44, Академия ғимараты, ADM 08-кабинет.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі мен орны
Өтінімдер:
• 2026 жылғы 31 қазанда сағат 10:00-ден 17:30-ға дейін;
• 2026 жылғы 5 қарашада сағат 08:30-дан 09:00-ге дейін қабылданады.
Өтінімдерді қабылдау мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Закарпатская көшесі, 44, Академия ғимараты, ADM 08-кабинет.
Жалдау мерзімі
Үй-жайды жалға алу мерзімі 12 айды құрайды.
Конкурс жеңімпазы техникалық ерекшелікте айқындалған сомаға үй-жайды жөндеу жөніндегі міндеттемелерін орындаған жағдайда, жалдау шартының қолданылу мерзімі қосымша келісімге қол қою арқылы 24 айға ұзартылады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар
Әрбір лот бойынша өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
конкурсқа қатысушының есеп айырысу шоттары ашылған екінші деңгейдегі банк немесе банктер берген, конверттер ашылатын күннің алдындағы үш айдан астам кезеңде банк алдындағы мерзімі өткен кредиторлық берешегінің жоқтығы туралы анықтама. Егер қатысушы бірнеше банктің, банк филиалының немесе шетелдік банктің клиенті болса, анықтама әрбір банктен ұсынылады;
салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің бар-жоғы туралы мәліметтер. Мәліметтер конверттер ашылатын күнге дейінгі бір айдан ерте емес мерзімде алынуы тиіс;
қызметтерді тиісінше және үздіксіз көрсету үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстары туралы мәліметтер;
коммерциялық ұсыныс.
Байланыс ақпараты
Конкурстық комиссияның хатшысы — Хамидуллин Е.Ж.
Телефон: +7 727 346 92 06.
Электрондық пошта: e.khamidullin@agakaz.kz.
Өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар
11.1. Өтінімдер қағаз жеткізгіште, мөрмен бекітілген жабық конверттерде қабылданады.
11.2. Ашық немесе конкурсқа қатысушының мөрімен бекітілмеген конверттерде ұсынылған өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттар қабылданбайды.
11.3. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім және осы хабарландырудың 9-тармағында көрсетілген құжаттар нөмірленуге, тігілуге, мөрмен бекітілуге және конкурсқа қатысушының басшысы немесе уәкілетті тұлғасы қол қоюға тиіс.
11.4. Осы хабарландыру мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер және оларға қоса берілетін құжаттар конверттерді ашу кезінде қабылданбайды және конкурсқа қатыстырылмайды.
11.5. Конкурсқа қатысушылардың уәкілетті өкілдері жеке басын куәландыратын құжатты, қатысушының мүдделерін білдіруге арналған сенімхатты немесе бірінші басшы лауазымына тағайындалғанын растайтын құжатты ұсынған жағдайда өтінімдерді ашуға қатыса алады.
11.6. Өтінімдерді ашуға қатысу үшін 2026 жылғы 5 қарашада сағат 08:30-дан 08:50-ге дейін алдын ала келіп, конкурстық комиссияның хатшысына қажетті құжаттарды ұсыну керек.
Қоса берілетін құжаттар: