Хабарландыру
1. Ұйымдастырушының атауы:
«Азаматтық авиация академиясы» АҚ (бұдан әрі – Академия, Конкурс ұйымдастырушысы) «Азаматтық авиация академиясы» АҚ-ның Алматы қаласы, Закарпатская көшесі, 44 мекенжайында орналасқан оқу корпусының 1-қабатындағы (фойе) ауданы 12 шаршы метр үй-жайы (бұдан әрі – Үй-жай) жалға алушыны қайта айқындау конкурсын жариялайды.
2. Конкурсты өткізу шарттары мен тәртібі:
Конкурсты өткізу шарттары мен тәртібі Академияның мүлкін жалға беру тәртібі туралы Ережемен, Академия Басқармасының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы шешімімен (№12 хаттама) бекітілген және конкурстық құжаттамамен реттеледі.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінім нысаны Академияның сайтында орналастырылған.
3. Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:
Жалға алушыны айқындау конкурсына қатысу үшін әлеуетті Жалға алушы мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:
4. Жалға берілетін алаңның қысқаша сипаттамасы:
|
№ |
Атауы |
Жалпы шаршы метр |
Орналасқан жері |
Алаңды жалға алудың айлық бастапқы құны, АЕК |
|
1. |
Үй-жай |
12 |
Алматы қ., Закарпатская көшесі, 44, оқу корпусының 1-қабатындағы (фойе) ауданы |
78 АЕК |
5. Алаңды жалға берудің негізгі мақсаты:
5.1. Академия мен келушілердің мүддесі үшін алаңды тиімді пайдалану.
5.2. Жалға берілетін алаң мен ас ішетін аймақтың үй-жайын Жалға берушімен келісілген тақырыптық дизайнның бекітілген сметасына сәйкес жөндеу. Жалға алушының өз қаражаты есебінен жүргізетін жөндеу жұмыстарының шарттары Жалға беруші мен Жалға алушы арасында жасалатын жеке шартта (қосымша келісімде) айқындалады.
6. Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны (қатысушылар ұсынған конверттерді ашу):
2026 жылғы 17 қараша, сағат 09:00. Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Закарпатская көшесі, 44, Академия ғимараты, ADM 08-кабинет.
7. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі мен орны:
Өтінімдер 2026 жылғы 11 қарашасынан бастап (сағат 10:00-ден 17:30-ға дейін) 2026 жылғы 17 қарашаға дейін (сағат 08:30-дан 09:00-ге дейін) мына мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Закарпатская көшесі, 44, Академия ғимараты, ADM 08-кабинет.
8. Алаңды жалға алу мерзімі:
Алаңды жалға алу мерзімі 12 айды құрайды. Конкурс жеңімпазы техникалық ерекшелікте айқындалған сомаға үй-жайды жөндеу жөніндегі міндеттемелерін орындаған жағдайда, жалдау шартының қолданылу мерзімі тараптардың қосымша келісімге қол қоюы арқылы 24 айға ұзартылады.
9. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Әлеуетті Жалға алушының өтініміне мынадай құжаттар (ақпарат) қоса беріледі:
10. Байланыс телефоны:
Конкурстық комиссияның хатшысы – Хамидуллин Е.Ж. Тел.: +77273469206. Электрондық пошта мекенжайы: e.khamidullin@agakaz.kz
11. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар:
11.1. Өтінімдер қағаз жеткізгіште, мөрмен бекітілген жабық конверттерде қабылданады.
11.2. Ашық және конкурсқа қатысушының мөрімен бекітілмеген конверттерде ұсынылған өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттар қабылданбайды.
11.3. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім, оның ішінде осы Хабарландырудың 9-тармағында көрсетілген құжаттар нөмірленуге, тігілуге, мөрмен бекітілуге және конкурсқа қатысушының басшысы не уәкілетті тұлғасы қол қоюға тиіс.
11.4. Осы Хабарландыруда және конкурстық құжаттамада көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттар конверттерді ашу кезінде қабылданбайды және конкурсқа қатыстырылмайды.
11.5. Конкурсқа қатысушылар өздерінің уәкілетті өкілдері арқылы өтінімдерді ашу кезінде қатысуға құқылы. Бұл ретте жеке басын куәландыратын құжатты, қатысушының мүдделерін білдіруге арналған сенімхатты немесе қатысушының бірінші басшысы лауазымына тағайындалғанын растайтын құжатты ұсынуы қажет.
11.6. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді (қатысушылар ұсынған конверттерді) ашу кезінде қатысу үшін 2026 жылғы 17 қарашада сағат 08:30-дан 08:50-ге дейін алдын ала келіп, конкурстық комиссияның хатшысына жеке куәлікті, сенімхатты немесе қатысушының бірінші басшысы лауазымына тағайындалғанын растайтын құжатты ұсыну қажет.
Құжаттар: