АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ ЕНГІЗУ

Әлем өзгерді. Жасанды интеллекттің пайда болуы – жай ғана технологиялық дамудың келесі кезеңі емес, бұл өмірдің барлық салаларын құрылымдық түрде қайта құру. Алайда күнделікті жұмыстың тығыздығына байланысты, жаңа технологияларды түсінуге, талдауға уақыт тапшы. Жаңартулар, нейрожелілер, күрделі интерфейстер мен құралдар күн сайын көбейіп келеді...;

Дегенмен, бұл процестерді елемеу мүмкін емес. Бүгінгі таңда «Төртінші білім беру төңкерісі» термині жиі айтылады. Біз интеллект тек адамдық емес, сонымен қатар цифрлық сипатқа ие болатын жаңа дәуірге аяқ бастық. Білім берудегі жаңа парадигма — интеллектті артификациялау қалыптасуда. Бұл мұғалімді ауыстыру емес, оның мүмкіндіктерін кеңейту туралы. Технологиялар ұстаздарды ығыстырады деген қауіптер жиі айтылғанымен, бұл – үстірт көзқарас. Іс жүзінде заманауи құралдар әрбір маманның көмекшісіне айналуы тиіс.

Осы тұрғыда жасанды интеллекттің білім жүйесіндегі рөлі туралы кәсіби диалог ерекше маңызға ие. Осы мақсатта Азаматтық авиация академиясында сениор-лектор Железнова Ирина Олеговна студенттер үшін мастер-класс өткізді. Кездесу барысында ол жасанды интеллектті оқу процесіне енгізудің практикалық тәсілдерімен бөлісіп, цифрлық трансформация жағдайындағы педагог рөлін талқылап, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Мастер-класс интерактивті түрде өтіп, заманауи білім беру ортасындағы теория мен практиканың үйлесімді үлгісі болды.

Фото 1
Фото 2

Жасанды интеллектті енгізу — бұл сән емес, қажеттілік. Дүниежүзілік банк тобы жүргізген зерттеулерге сәйкес, бүгінде әлемде ЖИ-ді білім беру саласында қолданудың тоғыз негізгі бағыты анықталған — интеллектуалды кеңесшілерден бастап оқу артта қалуын ерте анықтау жүйелеріне дейін. Алайда бұл әлеуетті іске асыру үшін ниет пен бастамадан бөлек, нақты инвестициялар қажет: цифрлық инфрақұрылымға, оқытушылардың кәсіби дамуына және технологияларды этикалық әрі орнықты енгізудің стратегияларын жасауға.

Азаматтық авиация академиясында біз жасанды интеллектті даму ресурсы ретінде қарастырамыз. Сонымен қатар, ұстаз бен студент арасындағы қарым-қатынасты ештеңе алмастыра алмайтынына сенеміз. Мұғалімнің шынайы міндеті – тек білім беру емес, сонымен қатар студенттің шынымен білім алуы, ойлануы және дамуы үшін жағдай жасау. ЖИ біз үшін қауіп емес, биік нәтижелерге жетуге көмектесетін құралға айналуы керек.

Әлем бұрынғы қалпына енді келмейді. Бірақ оның қандай болатыны — біздің қолымызда. Біз студенттерге тек білім емес, сонымен қатар жаңа шындықта табысты болуға мүмкіндік беретін құралдарды да беруіміз керек. Жасанды интеллект — осындай құралдардың бірі. Ендігі міндет — оны жауапты, адами және шын мәнінде сапалы білім берудің құрамдас бөлігіне айналдыру.

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы