Еуропаның жоғары оқу орындарында 3 гранттық орынға конкурс жариялаймыз!

Құрметті студенттер!
Академияда тамаша жаңалықтар!

Еуропаның жоғары оқу орындарында 2023-2024 күзгі немесе көктемгі семестріне Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қаржыландыруы есебімен өткізілетін академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша 1 семестр оқуға біздің студенттерге  3 гранттық орынға конкурс жариялаймыз!

Грант төменде аталған шығындарды қамтиды:
- жол ақысын;
- пәтер шығындарын;
- виза;
- местраховка.

Қойылатын талаптар:
1. ҚР азаматтығы;
2. 072/у анықтамасы;
3. Биылғы бакалавриат 1-2 курстарында оқу (2024-2025 оқу жылының күзгі семестрінде кафедраның рұқсатымен 3 курс студенттері);
4. GPA 3.0 және одан жоғары;
5. Ағылшын тілін білу деңгейі В2-ден кем емес.

Келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) білім алушының өтініші;
2) Қазақстан Республикасы азаматының паспортының көшірмесі;
3) Білім туралы құжаттар:
Академияның мөрімен расталған ағымдағы үлгерім туралы транскрипт;
4) шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (үміткер төмендегі құжаттардың бірін ұсынады):
шет тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйелері арқылы алынған сертификат;
Академияның тестілеу нәтижесі (В2 деңгейінен төмен емес);
5) № 072/е нысан бойынша Медициналық анықтама (шетелге шығушы үшін);
6) шетелге шығуға үміткердің ата-аналарының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің жазбаша келісімі;
7) студент отбасының көп балалығын растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;
8) студентте ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетімдерге немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге жататын студенттер санаты үшін (бар болса);
9) студенттің мүгедектігін растайтын құжат.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 28.04.2024 ж. дейін қабылданады.
Барлық сұрақтар бойынша пошта арқылы interdep@agakaz.kz және 238 кабинетте 8.30-17.30 жауап береміз (түскі уақыт 12.30-13.30).

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы