"Reading time" жобасы қалай жүзеге асырылуда?

Студенттер мен қызметкерлердің кітап оқуға, өз-өздерін дамытуға ықыластарын арттыру мақсатында кітапхана мен “авиациялық ағылшын тілі” кафедрасы бірігіп,  “reading time” жобасын жасаған болатын. Ең алдымен жобаға қызығушылық танытқан жандар қазақ, орыс, ағылшын топтары болып 3 топқа бөлінді. Қазақ тобына “Вавилондағы ең бай адам” кітабы, орыс тобына Артур Хейлидің “Аэропорт” кітабы, ағылшын тобына Джоан Роулингтің “Harry Potter” кітабын оқу тапсырылды. Топтар әр айдың бірінші және он бесінші күнінде жиналып, кітаптарды талқылауы қажет.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы