"Reading time" жобасының алғашқы кездесуі өтті

"Reading time" жобасының қазақ тобының алғашқы кездесуі 9 сәуір күні, ағылшын тобы 19 сәуір күні, орыс тілі тобы 22 сәуір күні өткізілді. Кездесу барысында тек кітаптар қана талқыланып қана қоймай, түрлі тесттер мен ойындар ұйымдастырылды,  студенттер бір-біріне сұрақ қойып, тақырыпты барынша ашып, толық түсінуге тырысты. Қазақ тобы сәуір айында Вавилондағы ең бай адам кітабын талқыласа, келесі айға мінсіз мұғалім кітабын оқу тапсырылды. Ал орыс тілі тобы Артур Хейлидің Аэропорт кітабын аяқтап, 10 мамырға дейін Хамелеон кітабын оқуы қажет. Ағылшын тілі 26 сәуірге дейін Гарри Поттер жайлы кітапты соңына дейін бітіруі қажет.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы