🌙✈️ Бір дастарханға жиналудың тағы бір себебі!

Азаматтық авиация академиясында ораза ұстаған студенттерге ауызашар ұйымдастырылды. Дастарханға 200-ден астам студент жиналды. .

Студенттер алдында ректор Бекен Сейдахметов сөз сөйледі. Қасиетті Рамазан айында күш-қуат тілеп, авиациялық отбасының осындай қарапайым кездесулерінің маңыздылығын еске салды.

Дастархан басындағы кездесу студенттер қауымдастығы арасындағы достықты нығайтып, жаңа танысқа тамаша мүмкіндік болды. 🌙🕌

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы