Нұр-Сұлтан қаласында өткен Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиналыс

2022 жылдың 12 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі  Ғылым қызметкерлері күніне арналған Салтанатты жиналыс өткізді. Салтанатты жиналыстың шеңберінде республикамыздағы ғылым саласын  дамытудың өзекті мәселелері жан-жақты талқыланып, ғылым саласындағы наградалармен марапаттау рәсімі өткізілді.  Аталған іс-шараға Азаматтық Авиация Академиясы атынан «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Тулекова Гүлназ Қажымұратқызы қатысып, ҚР Білім және Ғылым министрі А. Аймағамбетов тағайындаған «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиналыс жоғары дәрежеде өтілді.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы