
Елордада, Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында I Республикалық «Жас ғалым» форумы өтті.
Аталған маңызды ғылыми іс-шараға Азаматтық авиация академиясының оқытушы-зерттеушілері де қатысты. Форум барысында қазақстандық ғылымның өзекті бағыттары, халықаралық ғылыми қауымдастыққа интеграция жолдары талқыланып, елдің ғылыми әлеуетін арттыруға арналған ұсыныстар айтылды.
Форум жас зерттеушілердің тәжірибе алмасуы, кәсіби байланыстар орнатуы және ғылыми диалог жүргізуі үшін маңызды алаңға айналды.
Жалпы іс-шараға еліміздің барлық өңірінен 300-ден астам қатысушы жиналды.