
Бүгін Азаматтық авиация академиясында «Авиагоризонт 2040» форумы басталды. Форумдs Академия ректоры Бекен Қанелұлы Сейдахметов ашты.
Кейін Халықаралық экономика және қаржы академиясының басқарушы директоры Марина Скиба сөз сөйледі. Ол форсайт әдістемесі туралы айтып, болашақ мамандықтар мен дағдыларды болжаудағы артықшылықтарын атап өтті.
Содан кейін Олжас Сакенов қатысушыларға форсайт тұжырымдамасын таныстырып, оның авиация саласындағы стратегиялық жоспарлау үшін маңыздылығын түсіндірді.