Жаңа мамандықтар, нақты жұмыс ұсыныстары және бір бақытты жеңімпаз

2025 жылдың 24–25 сәуір күндері Алматы қаласындағы Азаматтық авиация академиясында ауқымды «АВИАГОРИЗОНТ 2040» форумы мен Бос орындар жәрмеңкесі өтті. Бұл шара студенттерді, түлектерді, авиация саласындағы билік өкілдерін, HR көшбасшыларды, білім және авиация саласының сарапшыларын, сондай-ақ жұмыс берушілерді бір алаңға жинады.

Форум үш негізгі сессияны қамтыды: Foresight session, Study session және HR session. Бүгінгі таңда технологиялар мен жасанды интеллект қарқынды дамып келе жатқандықтан, авиацияға жаңа құзыреттер қажет. Форумның алғашқы күнінде қатысушылар қайтадан партаға отырып, пікірталастар мен шеберлік сабақтарына қатысып, тәжірибе алмасып, заманауи үрдістерді, тәуекелдерді және халықаралық тәжірибені ескере отырып, азаматтық авиациядағы жаңа мамандықтар мен құзыреттер Атласын бірлесіп әзірледі.

Форум қонақтары келесі маңызды сұрақтарға жауап іздеді: — Қандай мамандықтар пайда болады, өзгереді немесе жоғалады?

— Қандай білім, білік және дағдылар сұранысқа ие болады?

— Жаңа сын-қатерлер жағдайында білім беру және кадр даярлау жүйесін қалай қайта құру қажет?

Екінші күні екі маңызды тақырыпқа баса назар аударылды:

Ұшқышсыз авиация — жаңа және жылдам дамып келе жатқан салада білім беру мен реттеу үдерістерін қалай қалыптастыру керек деген сұрақтар қарастырылды. ВПО комитетінің, Авиациялық әкімшіліктің, Skyworker Academy және АУЦ АГА өкілдері БАС саласындағы кадр даярлаудың қиындықтары, стандарттары және болашағы туралы сөз қозғады.

Авиациядағы HR — цифрлық дәуірде адамдарды қалай басқару керек, жас мамандарды қалай ынталандыру керек, компаниялардағы ішкі мәдениетті дамыту және soft skills-ті жетілдіру жолдары талқыланды. HR-сессияның модераторы ТМД аумағындағы ішкі коммуникация саласының үздік сарапшыларының бірі — Марат Нұрғалиев болды. Сессия практикалық воркшоппен аяқталды.

Форум аясында ашық аспан астында Бос орындар жәрмеңкесі де өтті. Елдің 50-ден астам авиакәсіпорны — әуе компаниялары, әуежайлар және авиациялық билік өкілдері өз стендтерін ұсынды. Студенттер мен түлектер жұмыс берушілермен тікелей сөйлесіп, алғашқы офферлерін алды.

"Казавиаспас" компаниясы тікұшақ ұшқыштарынан 40-тан астам түйіндеме жинап, жәрмеңкенің ең үздік нәтижелерінің біріне қол жеткізді. Ал "QAZAQ AIR" компаниясы сұхбаттасудан өткендер арасында ұшақ билетін ұтысқа қойып, нәтижесінде бір студент-пилот ұтыс иесі атанды.

Айта кету керек, Азаматтық авиация академиясындағы HR-форум жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі. Бұл игі дәстүр түлектерге өз кәсіби жолын сенімді бастауға, ал саланың кәсіби қауымдастығына өзара байланысты нығайтуға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

© 1995 - 2025 Азаматтық Авиация Академиясы