
26 сәуір күні Азаматтық авиация академиясында Алматы және Алматы облысының қатысушылары арасында «AITU KazRoboDrone 2.0» симуляторында дронрейсингтен халықаралық байқаудың өңірлік кезеңі өтті.
Байқауды ұйымдастырушылар: Astana IT University, Kazakhstan Engineering R&D Center, KazRobotics ұйымдары, Caravan of Knowledge және «Drone.KZ» ЖШС қолдауымен.
Жеңімпаздар:
Оқушы, SENIOR санаты — Каримбаев Амирлан
Студент, JUNIOR санаты — Альханов Алихан
Студент, SENIOR санаты — Максимов Ақжол
Келесі кезеңде жеңімпаздар Түркия, Қытай, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің қатысушыларымен бірге 20 маусымда өтетін финалда Алматының намысын қорғайтын болады!