ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ — ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2026 жылғы 17 шілдеде Шанхай қаласында Жасанды интеллект бойынша дүниежүзілік конференция – World Artificial Intelligence Conference (WAIC 2026) өтті.

Конференцияның ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин қатысты. Бұл жасанды интеллект технологияларын дамыту мен цифрлық трансформация мәселелеріне мемлекеттер тарапынан ерекше мән беріліп отырғанын айқын көрсетті.

Ресми ашылу рәсімінен кейін қатысушылар WAIC 2026 көрме экспозициясын аралап көрді. Көрмеде жетекші технологиялық компаниялардың, жоғары оқу орындарының және ғылыми-зерттеу орталықтарының жасанды интеллект, робототехника, интеллектуалды есептеулер, үлкен деректер (Big Data), цифрлық платформалар және автономды жүйелер саласындағы озық әзірлемелері таныстырылды.

Көрменің басты ерекшелігі жасанды интеллект саласындағы соңғы жетістіктермен танысуға және аталған бағыттың қарқынды дамып келе жатқанын көзбен көруге мүмкіндік беруі болды. Көрменің ауқымы мен ұсынылған технологиялық шешімдер жасанды интеллекттің әлемдік цифрлық трансформацияның негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналғанын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Көрмеге қатысу әлемдік технологиялық үрдістермен танысуға, жасанды интеллекттің одан әрі даму перспективаларын бағалауға және білім беру мен ғылыми қызметті жетілдіруге бағытталған жаңа идеялар алуға мүмкіндік берді.

Қатысушылардың пікірінше, бүгінгі таңда білім беру ұйымдарының табысты дамуы олардың заманауи цифрлық технологияларды дер кезінде енгізуіне, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуіне және жаңа технологиялық жағдайда тиімді жұмыс істей алатын жоғары білікті мамандар даярлауына тікелей байланысты.

 

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы