Cіз кәсіпорында жұмыс атқарып жүрсіз, бірақ Францияда біліктілігіңізді арттырғыңыз келе ме? Францияда тағылымдамадан өтуді немесе Еуропаның беделді жоғары оқу орындарының біріне оқуға түсуді армандайсыз ба? Бірақ сіз француз тілін білмейсіз немесе әлі жеткілікті деңгейде меңгермегенсіз бе?
Француз тілін тегін үйреніп, Францияның жоғары оқу орындарына оқуға түсіңіз!
Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» («Болашақ») акционерлік қоғамы және Францияның Қазақстандағы Елшілігі арасындағы үшжақты ынтымақтастық шеңберінде жас зерттеушілерге арналған Тілдік даярлау бағдарламасына қатысуға конкурс жарияланады.
Жеңімпаздар француз тілін оқыту бойынша бір жылдық курстан өтуге мүмкіндік алып, кейіннен Францияға тағылымдамадан өтуге аттана алады немесе француз жоғары орындарының біріне оқуға түсу үшін француз тілін үйренуді жалғастыра алады.
Қатысу шарттары:
- жас шегі 35 жасқа дейін
- инженерлік-техникалық бағыты бойынша бакалавр дипломы
- GPA 3.0/4.0 кем емес
- инженерлік-техникалық мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бір жылдан кем емес
Басымды бағыттар: ауыл шаруашылығы, инженерлік-техникалық сала, ядролық және жаңғырмалы энергиялар, телебайланыс, информатика және IT.
- кәсіпорында тағылымдамадан өтуге немесе «Болашақ» бағдарламасы арқылы магистратурада оқуға ынталы инженерлік-техникалық бағыттағы мамандар (мамандықтар тізімі: https://bolashak.gov.kz/ru/pretendentu/specialnosti және https://bolashak.gov.kz/ru/pretendentu/specialnosti-dlya-stazhirovok)
Өтінімді беру үшін, келесі құжаттарды PDF форматында contact-scac.astana-amba@diplomatie.gouv.fr мекенжайына жіберу қажет:
- түйіндеме
- қосымшамасымен бірге бакалавр дипломының көшірмесі
- еңбек өтілі көрсетілген еңбек кітапшасы
- уәждемелік хат (тілдік даярлау сізге не үшін қажет)
Конкурс 2023 жылғы 25 маусымға дейін ашық.
Бағдарламаға қатысты барлық сұрақтар бойынша Алиби БАЙТУРИН («Болашақ» ХБО: baiturin_a@bolashak.gov.kz), немесе Ксавье ЛЕ ТОРРИВЕЛЛЕК мырзаға (Францияның Қазақстандағы Елшілігі: xavier.le-torrivellec@diplomatie.gouv.fr ) жүгінуге болады.