Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы күн саналатын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз!

Желтоқсанда жалынды жастардың басын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған ерлігі қазақ еліне егемендік сыйлады. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осындай салтанатты күнде сіздерге бақ-дәулет, ырыс тілейміз.Еуразия жүрегінде, өркениеттердің ұштасқан орталығында талай ұлт пен ұлыстың қызырлы мекеніне айналған ұлы Далада азат елдің азаматы атанғаннан асқан бақыт жоқ. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында баянды да бақытты ғұмыр кешулеріңізді тілейміз!

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы