7 Мамыр – Отан алдындағы адалдық пен ерліктің символына айналған ерекше күн. Бұл – ел тыныштығын күзетіп, мемлекет қауіпсіздігін сақтауды қасиетті парыз санайтын азаматтарға көрсетілген құрмет. Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылған күні ретінде тарихта орныққан бұл мереке – тәуелсіз елдің қуаты мен айбынын айқындайтын маңызды дата.