Кітапхана менеджерлерімен бірге студенттердің ақпараттық және цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында «Цифрлық кітапхана: білім, ақпарат, мүмкіндік» тақырыбында ақпараттық-танымдық тренинг сабақтар өткізілуде.
Сабақ барысында студенттерге заманауи электрондық ресурстарды тиімді пайдалану жолдары түсіндіріліп, оқу үдерісінде қажетті ақпаратты жылдам іздеу, ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу және электрондық дерекқорлардың мүмкіндіктерін пайдалану бойынша практикалық түсіндірмелер берілді.
Атап айтқанда, студенттерге РМЭБ, IPR SMART, EBSCO және кітапхана қорында қолжетімді басқа да электрондық базалар таныстырылды. Әрбір дерекқордың ерекшеліктері, ақпаратты іздеу және қажетті оқу-ғылыми материалдарды табу мүмкіндіктері көрсетілді.
Тренинг өткізудің негізгі мақсаты – студенттердің цифрлық ақпараттық ресурстарды сауатты пайдалану дағдыларын қалыптастыру, электрондық кітапханалардың мүмкіндіктерін кеңінен таныстыру және оқу мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына қажетті сенімді ақпарат көздерін тиімді қолдануға бағыттау.
Цифрлық кітапхана – заманауи білімге жол ашатын маңызды ақпараттық кеңістік.