«Әділетті қоғамға: шыншыл сөз» атты әдеби-талдамалық кездесу

«Оқитын ұлт» ұлттық зияткерлік-ағартушылық жобасы аясында

Азаматтық авиация академиясының кітапханасында «Әділетті қоғамға: шыншыл сөз» тақырыбында Reading Time әдеби-талдамалық кездесуі өткізілді.

Кездесу Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еңбектері мен мақалалары негізінде ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты — жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, маңызды қоғамдық мәселелер төңірегінде ой қозғау және өз пікірін еркін жеткізуге мүмкіндік беру.

📖 Кездесу барысында Президент еңбектеріндегі негізгі ойлар талқыланып, қоғамдағы әділеттілік, жауапкершілік, білім мен азаматтық ұстаным тақырыптары қозғалды.

Авиация колледжінің ТЭЛ-269 тобының студенттері кездесуге белсенді қатысып, өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды. Студенттер үшін бұл кездесу кітап мазмұнын талқылап қана қоймай, өз көзқарастарын қалыптастырып, еркін пікір алмасуға мүмкіндік берген тағылымды алаң болды. ✨

Ұйымдастырушылар:
📌 Кітапхана менеджерлері
📌 Дүйсебаева Г.
📌 Авиация колледжінің ТЭЛ-269 тобы

 

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы

Ақпаратты таба алмасаңыз, Air Барсқа жүгініңіз