Студенттер мен оқытушыларға арналған электронды деректер базаларын пайдалану бойынша тренинг өткізілді.

Электрондық деректер базалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы

Студенттер мен оқытушыларға арналған электрондық деректер базаларын пайдалану бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тренинг барысында РМЭБ, IPR SMART, EBSCO, EASA, ICAO, «Профобразование», Wiley, Scopus, Web of Science, IVIS, Library Congress, сияқты цифрлық ресурстардың мүмкіндіктері мен пайдалану ерекшеліктері таныстырылды.

Электрондық деректер базасы – кітапхана пайдаланушыларына ғылыми, оқу, анықтамалық және басқа да ақпараттық ресурстарды электрондық форматта ұсынатын цифрлық ресурстар жиынтығы. Тренинг барысында қатысушыларға қажетті ақпаратты іздеу, ғылыми мақалалар мен оқу материалдарын табу, электрондық ресурстарды тиімді пайдалану және ақпараттың өзектілігі мен сенімділігін бағалау жолдары түсіндірілді.

Сонымен қатар, білім алушылар мен оқытушыларға оқу үдерісінде, ғылыми-зерттеу жұмыстарында және кәсіби бағытта электрондық базаларды тиімді қолданудың маңыздылығы түсіндірілді. Тренингтің негізгі мақсаты – кітапхана пайдаланушыларының ақпараттық және цифрлық сауаттылығын арттыру, электрондық ресурстарды өз бетінше пайдалану дағдыларын қалыптастыру және ғылыми ақпаратқа қолжетімділікті кеңейту.

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы

Ақпаратты таба алмасаңыз, Air Барсқа жүгініңіз