Заманауи білім беру үрдістері: Академия өкілдері Teacher’s Summit алаңында

2026 жылғы 30 қазанда Азаматтық авиация академиясы кітапханасының қызметкерлері білім беру саласындағы мамандарға арналған Teacher’s Summit 2026 халықаралық саммитіне қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар заманауи білім беру үрдістері, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің білім беру жүйесіндегі рөлі, кәсіби даму және тәжірибе алмасу мәселелері бойынша пікір алмасты.

Саммит кітапхана мамандары үшін кәсіби білімдерін жетілдіруге, жаңа идеялармен танысуға және заманауи кітапхана қызметін дамыту бағытында тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді.

Академия кітапханасы білім беру кеңістігіндегі жаңашылдықтарды қолдап, кәсіби дамуға және тәжірибе алмасуға бағытталған іс-шараларға қатысуды жалғастырады.

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы

Ақпаратты таба алмасаңыз, Air Барсқа жүгініңіз