Кітап оқитын ұлт» жобасы аясындағы «Жастар және әдебиет: рухани үндестік» атты әдеби кездесу

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Кітап оқитын ұлт» ұлттық жобасы аясында кітапханада «Атом әдеттер» кітабына арналған Reading Time әдеби-танымдық кездесуі өткізілді.Кездесудің басты мақсаты — жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, өзін-өзі дамытуға ынталандыру және пайдалы әдеттерді қалыптастырудың маңыздылығын түсіндіру.

Кездесу барысында Джеймс Клирдің «Атом әдеттер» кітабындағы негізгі идеялар талқыланып, шағын өзгерістердің үлкен нәтижеге жеткізудегі рөлі сөз болды. Студенттер практикалық тапсырмалар орындап, өз мақсаттары мен болашақ әдеттерін айқындады.

Авиация колледжінің ТЭЛ-269 тобының студенттері белсенді қатысып, өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды.

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы

Ақпаратты таба алмасаңыз, Air Барсқа жүгініңіз