Логотип және Елтаңба

АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ӘНҰРАНЫ

Авторлар: РЕКТОРАТ
1-ші куплет:
Көк аспанға бағыт алған арманы,
Білім күші - ел ертеңі, нұрлы таң.
Академия - рух пен ардың отауы,
Қанат қаққан ұлттың жаңа бастауы.
Ерлік, еңбек, рухымызда ұлылық,
Туған жерге адалдық пен жылылық.
Ертең үшін еңбектенген әр ұлан,
Туған жерге адал болсын, әр-ұран!

Қайырмасы:
Биікке самға, Академия!
Болашақтың асқақ дауысы!
Қанатың - білім, жүрегің - Отан!
Самға көк аспанның төріне!
Самға еркін елдің көгіне!

2-ші куплет:
Көк төрінде қалыптайды арман нұр,
Елім менен жастар рухы - мәңгі жыр.
Академия - даналықтың мекені,
Түлектері - ел ертеңі, беделі!
Ертең үшін еңбек еткен ұл-қыздар,
Адалдықпен биікке ұшсын жұлдыздар.
Самға биік, туған елдің тілегі,
Көк аспанда еркін ұшсын жүрегі!

Қайырмасы:
Биікке самға, Академия!
Болашақтың асқақ дауысы!
Қанатың - білім, жүрегің - Отан!
Самға көк аспанның төріне!
Самға еркін елдің көгіне!

 

 

Академия Логотипі

 

Академияның елтаңбасы

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы