Құрметті студенттер!
2023-2024 оқу жылының күзгі немесе көктемгі семестріне Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қаржыландыруы есебімен өткізілетін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау мерзімі ашылды.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыру еебінен бөлнген қаржы төмендегі шығындарды қамтиды:
- іс-сапар шығындары,
- жатын-орны,
- медициналық сақтандыру,
- виза жасау жөнінде консулдық алымдарды қаржыландыру.
Квота: Европа – 4 орын
АҚШ – 1 орын
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
- мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша грантта, әкімдік грантында және квота бойынша білім алып жатырған студенттер ғана қатыса алады;
- 3.00-тен жоғары GPA;
- B2 – деңгейінен (Upper-intermediate) төмен емес Ағылшын тілін меңгеру деңгейі.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) паспорттың көшірмесі (немесе жеке куәлік);
2) Транскрипт (Студенттерге қызмет көрсету орталығынан алу қажет);
3) шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат; IELTS 6.0 және одан жоғары сертификаты;
4) білім алушының өтініші;
5) студенттің көп балалы отбасынан шыққанын растайтын отбасы құрамы туралы құжат (бар болса);
6) студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетімдерге немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге жататын студенттер санаты үшін (бар болса);
7) студенттің мүгедектігін растайтын құжат (бар болса
Үміткерлерді тең баллмен іріктеу кезінде артықшылық беріледі:
1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар;
2) мүгедектер;
3) көп балалы отбасылардан шыққан студенттер.
Конкурсқа қатысуға құжаттар 2023 жылғы 20 маусымға дейін қабылданады.
Барлық сұрақтар бойынша халықаралық қызмет бойынша бөліміне күнделікті сағат 14:00-17:00 аралығында хабарласуыңызды сұраймыз, 314-кабинет, K.Akhmetova@agakaz.kz, Emilia.Suleimanova@agakaz.kz