Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бойынша ОӘБ-ЖБТ отырысы

2022 жылдың 13 қыркүйегінде сағат 15.00 Азаматтық авиация академиясында Бірінші проректор, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестігі-жобаны басқару топтарының (ОӘБ-ЖБТ) төрағасы, т.ғ.д., профессор Жакупов К.Б. төрағалығымен ОӘБ-ЖБТ отырысы өтті.

ОӘБ-ЖБТ отырысында жақын және алыс шетелдегі ЖОО өкілдері және жұмыс берушілер қатысты. 2022-2023 оқу жылына арналған ОӘБ-ЖБТ жұмыс жоспары мен құрамы бойынша қарастырылып, бекітуге ұсынды.

«Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» білім беру саласының және «Инженерия және инженерлік іс» кадрларын даярлау бағытының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейлері бойынша негізгі құзыреттерінің (оқыту нәтижелерінің) тізбесі талқыланып, бекітуге ұсынды.   Бұл мәселе бойынша «Авиациялық техника және технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Карсыбаев Е.Е.,  «Әуе кемелерін ұшуда пайдалану» кафедрасының меңгерушісі Оспанов Е.А., «Авиациялық техника және технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Луценко Н.С. мәлімдеме жасады.

Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына өзгерістер енгізу туралы ӘЖД әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Молдыбаева А.А. баяндамасын ұсынды.

ОӘБ-ЖБТ отырысының нәтижелері бойынша ОӘБ-ЖБТ мүшелерімен оқу үдерісін жетілдіру мақсатында бірлескен шешімдер мен ұсыныстар қабылданды.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы