Авиациялық колледжде радиоэлектрондық жабдықтар алу

28.09.2022 Авиация колледжінің слесарь шеберханасында «Азаматтық авиация академиясы» АҚ жанынан зертхана құру үшін ақысыз негізде АН-2 және МИ-8 типті ұшақтардың радиоэлектрлік жабдықты тапсыру, алу бойынша және әлеуметтік серіктестікті қолдау, материалдық-техникалық базаны жақсарту шеңберінде «Asia Continental Airlines» ЖШС директоры Кичиков Рушидин Рашидовичпен және инженері Бурханов Руфатпен кездесу өтті.

Қабылдау кезінде «Азаматтық авиация академиясы» АҚ авиация ісі жөніндегі проректоры – Саретбаев Әлжапар Нұрмұханұлы, колледж директоры – Абылқасымова Ботакоз Нұрғазықызы, директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары – Шонжикенов Қайрат Аманжолұлы, ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары- Курбанов Якуб Мұхсатұлы қатысты. Әлжапар Нұрмұханұлы – «Asia Continental Airlines» ЖШС директоры – Рушидин Рашидұлына осы құрал-жабдық түрінде көрсеткен көмегі үшін алғысын білдіріп, азаматтық авиацияның болашақ мамандарын даярлауда сала кәсіпорындарының көмектерінің маңызы зор екендігін және өзара осындай  ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруды тіледі.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы